Сағат
651 subscribers
321 photos
138 videos
18 files
87 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
“Уа, Раббым! Өз кеңшілігіңмен тура жолға салған жүрегімізді қайта адасудан сақта. Жамандықтарды бізден кетіріп, алыстата гөр”.

(Мәуләна)

#Бүгінгідұға
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Кішкентай адамның құпиялары

Өте кішкентай адам.

Міне, адам эмбрионы дамудың ерте сатысында. Оның ақырында сәби болатынын елестету қиын.

Тануға болатын жалғыз дүние - жүрек. Осы кезеңде де ол, бәрімізге белгілі органға қатты ұқсайды

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
“Уа, Аллаһ тағалам! Исламды қауіп-қатерден ұзақ қыл. Исламды қорлағысы келгендерге мұрсат берме һәм Исламға үстемдік бер”.

#Бүгінгідұға
Таразы..

Базарға барып жүріп талай мәрте байқаған боларсыз... Маған бір келі ет өлшеп жіберіңіз дейсіз өзіңізге ұнаған майлы жамбасты не бел омыртқаны нұсқап. Сатушы сіз нұсқаған етті сылқ еткізіп таразыға тастай салды. Таразының тілдері ары-бері теңселіп біраз уақыт өз-өзіне келе алмай тұрады, дәл болу, әділ болу оңай дейсіз бе?

Қадыр Мырза Әлі.
Әлемдегі ең керемет кинозал — ми. Бірақ сен оны тек кітап оқығанда ғана түсінесің.

Скотт Ридли


Кітаптың миға пайдасы өте көп.

Кітап оқығанда адам оқиға орнын, кейіпкер, салыстыруларды үнемі елестетіп отырады. Тиісінше мида үлкен жұмыстар жүріп, оның қабілеттерінің ашылуына үлкен пайда береді.

Ал видео, не кино арқылы адам ол секілді пайда алмайды. Себебі барлығы дайын. Әрі айқын.

#IQ
Бұлтты күндерде адамдардың көпшілігі күйзеліске түсіп, энергияны жоғалтады.

Бұл денеде күн сәулесінің әсерінен белсендірілетін серотонинді немесе «бақыт гормонын» шығармайтындығына байланысты.

#Біліпжүр
“Уа, Раббым! Иманымды, білімімді, түсінік-пайымымды һәм білімімді арттыр”.

(Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а))

#Бүгінгідұға

Жұма мүбәрәк болсын!
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сағаттағы дүние - Исламда ертеден бар. Ақыл ой, денсаулық, жан байлығы, мінез.

Біз үшін ең асыл тұлға, барлық жағынан еліктеуге лайықты тұлға - ол Пайғамбарымыз ( ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын.)

Оның мінезін Алла Құранда өзі мақтаған:

Шүбәсіз, сен теңдесі жоқ ұлы көркем мінез-құлыққа иесің.

68:4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Біз еліктеу керек кемел жүрек иесі осы кісі

Бұл кісінің соңынан ілесуде адасып кетуден Алла мені және сіздерді сақтасын. Амин.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ми шаршайды ма?

Ия, тек оған басқа себеп бар. Ол дене секілді шаршамайды. Себебі, ми бұлшық ет емес.

Бұл мәселені түсіну үшін кейбір мәліметтерді түсіну керек👇🏻

Ми «энергия молекуласы» АТФ (аденозинтрифосфат) арқылы берілетін энергия есебінен жұмыс жасайды. Ол тек глюкозадан келеді.

Зияткерлік жұмыс кезінде ми АТФ-ты белсенді түрде жұмсайды және белгілі бір уақытта бұл заттың жеткізілуі азаяды.

Бірақ психикалық шаршау физикалық күш азайғаннан емес.
Ол зейінді жинақтай алмаудан, ⬅️соның кесірінен интеллектуалдық тапсырманы орындай алмайды.
Осы себепті ол шаршайды.

Ал зейінді тұрақсыз етуге сіздің қолыңыздағы әлеуметтік желі қазір "жақсы жұмыс" жасап жатыр.

#IQ
Клиповое мышление( зейін тұрақсыздығы) жайлы не білесіз?

⬇️
“Уа, Раббым! Бізді жаман мінездерден қорға. Әрбір ісімізді шын көңіл, терең ықыласпен жасауды нәсіп еткейсің”.

#Бүгінгідұға
Теңіз тағамдарын қолданып тұрыңыз

Жазда, күн астында біздің ағзамыз D витаминін өздігінен синтездейді.

Бірақ қыста біз сүйекке, қан тамырға және бүйрекке арналған ең маңызды витаминді тамақ арқылы аламыз. Ал олар теңіз өнімдерінде молынан кездеседі.

#PQ
“Раббым! Мен патша болсам да, батыр болсам да, Өзіңнің алдыңда пана іздеген бір мүсәпірмін. Қаншалықты көп болса да, амалдарымнан ешбір пайда жоқ. Тек Өзіңнің кеңшілігің болмаса”.

(Ғазнали Махмуд)

#Бүгінгідұға
Forwarded from Қасым
Өмірінен мән жоғалтқан, депрессиядағы адамдарға осы бір дофаминді шектеу керек. Ол үшін Детокс дофаминаны қолданып, әр сәттен ләззат алатын, ми рецопторларының қарапайым өмірдің өзін керемет көретін сезімтал деңгейге қайта түсіру керек.
Оятқышты дұрыс қолдану әдісі

Дыбыс не сигнал естігенде, не істесеңіз де, міндетті түрде миыңыз бірден оған назар аударады.

Енді⬇️

Жұмыс күні ішінде бес-алты уақытқа телефонға оятқыш орнатыңыз.

Дабыл соққан сайын не істеп жатқаныңызға және өзіңізді қалай сезінетініңізге назар аударыңыз.

Егер сіз 10 уақыттың 9-ында маңызды емес немесе нәтижесіз нәрсемен айналысып жатқан болсаңыз, онда сіз " өзіңізді елітіп әкететін, алаңдататын дүниелерді" нашар басқарасыз.

Бұл әдіс жоғары өнімділік үшін және уақытты дұрыс басқаруға көмек береді.

#Біліпжүр
Жер жүзінде ұялмайтын адам жоқ. Бірақ білімі, тәрбиесі, мінезіне қарай әр адамның ұялуы да әр түрлі болады. Мысалы, білімсіз адам айылын жимайтын істен білімді адам ұялып өліп қалады. Жұмсақ мінезді адам ұялшақ келеді. Ұялу оңай нәрсе емес. Адамға ұялудан күшті жаза жоқ. "Өлімнен ұят күшті" дейді қазақ. Қазақтың бұрынғы күнде нашар іс істеген адамдарға істеген жазаларының көбі ұялту болған. Мысалы, қазақтар әйелді қара өгізге теріс мінгізіп, бетіне күйе жағып, үстіне құрым жауып ауылды айналдырады екен. Әрбір елдің заңыңда ұялтуға негізделген жаза нағыз қатты жаза деп саналады.

Мағжан Жұмабаев "Педагогика"

@kitapuzindisi
“Уа, Раббым! Көзімізге, құлағымызға, жүрегімізге, жұмыстарымызға және бала-шағамызға береке бергейсің. Тәубемізді қабыл еткейсің. Сен тәубелерді қабыл етушісің һәм ерекше мейірімдісің”.

(Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.) )

#Бүгінгідұға
Алла бізден сауапты қызғанбайды...⬇️

Алла бізден сауапты қызғанбайды, Ол бізді қорғап қалғысы келеді.

Барлығымызда пайдалы деген, көптеген "игі бастамамыз" соңына жетпей қалған кездер бар. Бастайсың, бірақ уақыт өте келе қалып кетеді. Себеп көп. Жалқаулық, әлсіздік, "малғұн" азғырады, т.с.с.

Тағы бір үлкен себеп - ниет.

Мысалы, бір бала өз денесіне көңіл бөлгісі келді (еркектердің 90% да болған). Жаттығу, качка т.б. Бірақ жете алмады. Сенің ниетің тек әдемі дене не мақтаныш болуы мүмкін. Ал оның соңы тәкаппарлық пен әлімжеттік есігі болуы мүмкін. Ал Алла тағала сені олай көргісі келмейді. Сол үшін қорғап қалады.

Ал ниетің "Қуатты мұсылман, әлсіз мұсылманға қарағанда Аллаға сүйіктірек" хадис аясында болғанда, нәтиже мүлде басқа болатын еді.

Дәл солай байлықта, мансапта, ұрпақта, өмірде.

Дәл бұлай кез келген дүниені аят, Хадиске байлап бастауға болады. Себебі оның түбі - Алланың разылығы. Біздің көп сауап алғанымызды, Алла бізден де артық қалайды.

Енді ісіңізді қалай бастау керек екенін түсіндіңіз ба?

#Сағаттанхат
Ұйқысыздық

Адамдардың көпшілігінде ұйқымен қиындықтар бар. Халықтың үштен бір бөлігінде ұйқысыздық эпизодтары болады деп саналады. Ұйқысыздыққа не себеп болады:
• стресс, мазасыздық немесе депрессия
• шу
• бөлме тым ыстық немесе суық
• ыңғайсыз төсектер
• зиянды әдеттер
• биосағаттың ауытқуы
• ауысымдық жұмыс

Ұйқысыздықтан арылуға болады, тоқталсақ:

- Ұйқыға бір уақытта жату, бір уақытта ояну. Күн сайын.

- Ұйықтар алдында кем дегенде 1 сағат алдын өзіңізге тыныштық қалыптастырыңыз, мысалы, ваннаға түсу немесе кітап оқу.

- Жатын бөлменің қараңғы және тыныш екеніне көз жеткізіңіз - қажет болған жағдайда көзге арналған масканы немесе арнайы құлаққапты қолданыңыз.

- Күніне бір жүйелі түрде жаттығу жасаңыз.

#PQ