Сағат
651 subscribers
321 photos
138 videos
18 files
87 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
Паркинсон заңы: «жұмыс көлемі оған бөлінген уақытты толтырады» делінген.

Бұл, мысалы, сіз бір апта отчет жазамын деп шешсеңіз, оны апта бойы жазасыз деген сөз.

Негізі Паркинсон заңы біз ұнатпаған және қаламаған іске қатысты. Көпшілігіміз жұмысты мүмкіндігінше ұзартуға бейімбіз.

Бірақ егер сіз әрбір тапсырманы қатаң уақыт шеңберіне кіргізіп қойсаңыз, бұл істі әлдеқайда тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Сізде бекітілген мерзім болғанда, сіз бәрін уақытында жасауға тырысасыз, сондықтан бұл тамаша, әрі қолдану қажет әдіс.

Қарапайым тілмен айтқанда⬇️

Жасаймын, оқимын, үйренемін, бітіремін деген жұмысқа арнайы уақыт белгіленгенде ғана, ол істі сіз қолға алып, прогресс пайда болады.

#Біліпжүр
Дене белсенділігі аз болса күндізгі шаршау мен ұйқышылдыққа әкеледі

Оның үстіне бұл бір "бітпес тұйық шеңбер":

аз қозғалған сайын, ұйық келеді, неғұрлым көп ұйқы келсе, соғұрлым аз қозғаласыз.

Бұл шеңберді ерік жігер ғана бұза алады.

Қаншалықты жиі тұрып, жаттығу жасасаңыз, сонша жігерлі және ұйқысыз боласыз.

Тексереміз және көз жеткіземіз.

#Біліпжүр
Қазіргі кезде фастфуд өнімдеріне жарнама қатты жүруде, ендеше ескеріңіз....

Үлкен бургер кесірінен жақ шығып кетуі мүмкін бе?

Ешқашан бұл сұрақ төңірегінде ойланбаған шығарсыз, иә?

Бірақ бургерге деген шектен тыс қызығушылық өкінішке ұрындыруы мүмкін⬇️

Бұл оқиға бір қыздың басынан өткен. KFC гамбургерін жеу кезінде оның төменгі жақсүйегі шығып, астыңғы жақ буынының дисфункциясына және жақ артритінің дамуына әкелді. Ол қызға екі рет ота жасалып, үлкен тыртық қалған, ауырсыну да мазасын алады. Ең қиыны қазір ол қыздың аузы 13 миллиметр ғана ашылады.

Міне осындай еш "зиянсыз" бургер...

Сондықтан бургер жеу кезінде асықпай, сақтық танытқан жөн!!

#Біліпжүр
Жағымсыз ойды келгенде, оны шегінен асырып маңызсыз деңгейге жеткізу қажет.


Яғни - оны күлкілі ету.

Сіз өзіңізді жаман ой үстінде ұстап алсаңыз, мидың алдап отырғанын білесіз.

Мысалы⬇️

1⃣ "Қазір көпшілік алдында шығып қалай айтамын?" ⬅️ Әйгілі қорқыныш

2⃣ "Мен қазір шығамын да сөзімді ұмытып, шыға салып етбеттеп құлап, жюриге прикол ұстап кетемін"

Оқып болсаңыз, байқайсыз ба? Бізде ендігі 1⃣ қорқыныш жоқ.

Бұл да пайдаға жарар бір әдіс.

#Біліпжүр
Сөздік қор демекші, кім өзінің сөздік қорын арттырғысы келеді?

Сіздерге аз-маз білетін кеңестерімді айта кетейін.🌝

1. Барлық сөз бір әріптен басталатын сөйлем құрау

«Әкемнің әңгімелері әдеттегідей әсерлі»
деген сияқты.

Тек сөйлем емес, әңгіме құрап, мақала жазсаң да болады.

Ағылшын нейромаркетологтардың айтуы бойынша бұл жаттығу ми шығармашылығына 80% әсер етеді екен-мыс.
Сөйлем ұйқастыру, оны әдемі жеткізу барысында сөз таппай қиналасың, ізденесің, миға жаттығу жасап, миды қозғайсың.

Күн сайын жаңа әріппен, жаңа сөйлемдер құрап көр. Жиі жасаған сайын, сөздік қорыңа да әсер ететініні анық.

2. Қандайда бір кітаптан, әңгіме, сұхбаттан, жазбалардан, видео мен әннен естіген әдемі сөз тіркесін, ерекше сөз көрсең, жазып жүру

Ол да сөздің қорыңның молаюына әсер ететініне сенімдімін. Өз басым кітаптан, инстада посттан көріп қалсам, жазып алам. Кейін өзім мәтін жазғанда қолданамын сосын.

Тіпті сол сөздерді жазуға блокнот арнап қоюға да болады.

@oshpesiz

#Біліпжүр
Найзағай құпиясы.

Есте болсын, найзағай ең биік және электр тогын жақсы өткізетін нысанға түседі. Жазық жердің ортасындағы кез келген жалғыз ағаш найзағай нысанасы болып табылады. Мұны саяхаттағанда және найзағайлы жауын жауған кезде де ескеріңіз.

Бейнебақылау камерасы Үндістандағы Харьяна штатында болған оқиғаны түсіріп алған. India Today агенттігінің хабарлауынша, төрт бағбан жаңбырды ағаш астында күте тұруды шешкен.

Видеодағы төрт кісі де үлкен көлемдегі дене күйіктерін алған. "Заземление" арқылы тоқ негізі жерге өтіп кетеді.

Құдай сақтасын. Бірақ, жалпы керек мағлұмат деп ойлаймын.

#Біліпжүр
Керек болып қалар🙂⬇️

Сарымсақ

Суық тиюдің алғашқы белгілерінде сарымсақ тұтыныңыз, бұл аурудың одан әрі дамуын болдырмауға көмектеседі.

Сарымсақ құрамында антибиотикалық, бактерияға қарсы және вирусқа қарсы қасиеттері бар қосылыстар бар.

#Біліпжүр
Ағылшын тілін үйренуге қатысты мен білетін бірнеше пайдалы кеңес.

(мен қолданатын емес, білетін🙂)

1⃣Ankidroid деген приложение, өзіңізге қажетті кез келген тіл, болмаса басқа да мамандық сөздігін күнделікті норма белгілеу арқылы жаттап отыра аласыз.

Ең тиімді жерлерінің бірі

Бүгін өткен сөздердің ауырлық деңгейіне байланысты, қайта қайталау уақыт арақашықтығын өзіңіз белгілейсіз.

2⃣English with Student каналы

@englishwithstud

Бұл каналда орысша мен ағылшынша сөздер араласқан мәтіндер беріледі. Кейін сөздер бойынша тест алынып, біраз уақыттан соң мәтінді екі тілде толық жазылған нұсқада жібереді. Және дұрыс оқылу аудиосы да келеді.

Өз қатеңізді тексеріп, сөздерді нақтылау үшін. Бұл каналда сіз ағылшын тілі бойынша есту, оқу, түсіну қабілетіңізді жақсы арттыра аласыз.

Бастама кезең үшін жеткілікті ақпарат ⬆️. Мұның өзі біраз күшпен, ерік жігерді талап етеді. Менің қолданбайтын себебім, қазір тіл үйренуге фокус қойып жүрген жоқпын. Бірақ ойлап жүрген бастапқы қадамым осы. Сізде біліп жүрсін деп бөлісіп жатырмын.

#Біліпжүр
Дофамин (iquproject).pdf
13.9 MB
Бүгінгі сіздерге тапсырма😁

Ерінбей, мына 20 бетке жетпес кітапты оқып шығыңыз.

#Біліпжүр
Неліктен теңіз суын ішуге болмайды?

Теңіз суын көп тұтыну, ағзадағы тұздың артықшылығынан өлімге алып баруы мүмкін. Бұл факт рас, бірақ адам тек ғана теңіз суын ішетін болса.

1 литр теңіз суында орта есеппен 35г тұз бар, бұл ересек адам үшін күнделікті норма. 5 күннен кейін бүйректе тұздың көптігінен проблемалар басталады.

Бірақ, ол судан басқа балама болмаса, 3 күнде бір литрден аспайтын теңіз суын ішуге болады.

Бұрынғы ұзақ сапардағы теңізшілер бұл әдісті қолданған!!

#Біліпжүр
Ауру болып көріну де - ауру

Ол Мюнхаузен синдромы деп аталады. Жүректі ұстап, жедел жәрдем шақыратын егде жастағы адам. Күн сайын емхананың барлық дәрігерлерін айналып өтетін зейнеткер. Кейде бұл бекер емес.

Бұл ауруда адам ауру белгілерін санасымен қатты сезініп, сенгені сонша, расымен аурумын деп ойлай бастайды. Ауру емесін айтсаңыз, "Мюнхаузен"-ды адаммен әңгіме соңы жанжалға айналады.

Ол өзіне қажет деп білген диагнозды қойғанға дейін, дәрігерді де оп-оңай өзгерте алады.

#Біліпжүр
Дедлайн

Әрбір іс үшін ол орындалуы керек мерзім белгіленуі керек. Орындалу уақытын аз болсын қосымша уақыт қоса қойған дұрыс, өйткені бәрі кешіктіру бәрімізге тән сипат. Бірақ, дедлайнды бұзу дұрыс емес.


Тапсырма уақытында орындалғаны үшін өзіңізді жағымды нәрсемен марапаттау, істеген іске құлшынысты арттырады.

#Біліпжүр
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ми интеллектуалды жұмыстан шаршайды ма?

Егер мәселені тек техникалық тұрғыдан қарастырсақ - жоқ.
Ақыл-ой жұмысы кезінде ми арқылы өтетін қан құрамы еш өзгермейді. Біздегі " шешім қабылдау орталығы🧠 " бұлшықет секілді емес. 🙌 🏻

Алайда, интеллектуалды жұмыс барысында миға үнемі "отын" қажет, яғни глюкозаны белсенді түрде тұтынады.

"Отын" жеткіліксіз болған кезде, біз шаршай бастаймыз. Глюкоза төмендеуі дофаминді блоктайтын АТФ деңгейінің жоғарылауына әкеледі.

Алайда, біраз уақыттан кейін біздің миымыз кез-келген әрекетті автоматтандырады және аз энергияны қажет ете бастайды. (👈🏻Әдет не үйренісу). Мысалы, егер сіз күнделікті бір жолмен жұмысқа барсаңыз, ми бұл әрекетке аз қуат жұмсайды. Себебі, айналадағы заттармен танысу үшін энергия қажет емес.

#Біліпжүр
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Микро организмдер барлық жерде!

Олар бізді барлық жағынан қоршап алған🦠

Микроорганизмдер үшін "миллиард" - түкке тұрмас күлкілі цифр. Жердегі бактериялардың санын сипаттауға болатын санның отыздан аса нөлі болады😄!
Түсіну үшін триллионның өзінде он сегіз-ақ нөл😁.

Сондықтан бактериялардың биомассасы жануарлар мен өсімдіктердің жалпы биомассасынан асып түседі 🙌 🏻

#Біліпжүр
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қанның қандай мөлшерде жоғалту өлімге әкелуі мүмкін?

Бірінші біліп жүрейік, ересек ер адамның денесінде орташа есеппен 5 литр, ал әйел адамда 4 литр қан болады.

Ал адам осы қанның 40%-ын жоғалтқанда да өмір сүре алады. Яғни, шамамен 2 литр жоғалтса да!

Бірақ, ескеретін бір сәт бар - ол осы қанды қанша уақытта жоғалтты.
Егер қан кету өте тез және адам минутына 150 мл-ден көп қан жоғалтса, іс жүзінде тірі қалу мүмкіндігі жоқ.

#Біліпжүр
Үлкен әрі күрделі тапсырманы бірден орындауға асықпаңыз.

Эфект Зейгарник⬇️

Яғни, ми аяқталмаған жұмысты жақсы есте сақтайды және ол жұмыс жайлы санадан тыс ойлауды жалғастыра береді.

Егер сізге тапсырма қиын әрі қорқынышты көрінсе, оны бастаңыз да, кейінге қалдыра салыңыз. Кейін басқа істермен айналысып жатқанда, сол жұмыс туралы көптеген қызықты идеялар ойға келуі мүмкін.

#Біліпжүр
Жердің кіндігі🌎

20 жаста айналаңызда адамдар сіз жайлы "не ойлайды🤔 екен" деп алаңдайсыз

30 жаста сізге енді бұл маңызды емес

40 жаста ешкімнің сіз туралы ойламағанын түсінесіз…

🗣Уинстон Черчилль

Өзімізді жердің кіндігі деп есептеуді доғарғанда ғана, біз көзсіз ерліктерге дайын боламыз.

#Біліпжүр
Калькулятор🧮

«Психокибернетика📔» кітабында доктор Максвелл Мальц «калькулятордағы тазалау жүйесі» туралы жазады.

Телефондағы калькуляторды ашыңыз. Бір мысалды шешкеннен кейін, келесі мысалға өту алдын тазалау[C] түймесін басу керек екенін білесіз.

Доктор Мальц адамның мінез-құлқы туралы зерттеулерінде📰:

Адам көбіне бір уақытта бірнеше тапсырманы орындауды көздеп жүретінін байқаған. Бірі шешілсе де біз «тазалау» түймесін өте сирек басамыз.

Адам өз өнімділігін максималды қолдана алу үшін тазалау түймесін[С] қолдануды үйренуі керек.

Осылайша өз энергияңызды толықтай бір бағытқа бұра аласыз.

#біліпжүр
«Біл, Ібілістің ең бірінші айласы – ол адамды білімнен тайдыруы, өйткені білім бұл нұр. Ал (Ібіліс) олардың шамдарын сөндірсе, қараңғылықта адаммен қалағанын жасайды».

#біліпжүр
Тіл үйрену бірден 3 қабілетті іске қосады.

1) Тіл қабілеті
2) Есту қабілеті
3) Зейін

Жалпы тіл үйрену кезінде(кез келгенін) 3 бағыт бойынша жұмыс жасау қажет.

1) Сөздік қор
2) Сөздерді қосу
3) Тіл ережесі

Бірақ бұлардың ішінде ең маңыздысы - сөздік қор.

Тек ережені түсіне беру жеткіліксіз, қолданатын сөзің болмаса.
Ал тек сөзді жалғай білу, ережесіз және сөздік қорсыз қиынға түседі.

Енді, сөздік қор. Бұл ешқайсысына бағынбайды десек те болады. Яғни көп сөз білу ойыңды түсіндіруге жетеді.

Мысалы⬇️

Шет ел адамы.

Қазақша "тамақ жеу" деген сөзді біледі. Бірақ оны түрлендіре алмайды. Бірақ, сізге келіп "Мен кеше тамақ жеу" десе сіз оның аш екенін түсінесіз.

Сөз жалғау мен ереже - сөздік қор мол болса, практика арқылы өзі-ақ сіңіп кетеді.

#Біліпжүр