Сағат
649 subscribers
321 photos
138 videos
18 files
87 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
Негізінде мүмінге тірі кезінде үмітке қарағанда қорқыныш хәлі абзалырақ. Ал, өлім сәті келгенде үміт хәлі абзал болады.

Фудайл ибн Ғияд (рахимаһулла)
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алла тағала сізді өте үлкен, өте бағалы әлем үшін жаратқан. Сосын мына дүниенің ішіне қоя берген "Сатып кетпе мені" деп.
Аллаһым!! Маған намазға жалқауланбайтын және кешіктірмей оқитын жүрек нәсіп ет. Аллаһым!! Намазымды барлық қиындықтан құтылатын және өзіңнен келетін тыныштық пен қауіпсіздіктің есігі ет!!

#бүгінгідұға
🌙 Рамазанға 2️⃣1️⃣күн қалды

😷 Ауру – ораза ұстамауға рұқсат ететін үзірлердің бірі. Имам Нәсәфи «Кәнзу әд-Дақайқ» кітабында: «Аурудың асқынуынан қорықса, аузын ашуға рұсат» , – деген. Бірақ бұл ауруларды екіге бөліп қараймыз:

1️⃣ Жазылатын ауру. Мұндай жағдайда ауызды ашуға болады. Кейін ауруынан айыққан соң қазасын өтейді. Алла Тағала «Бақара» сүресінің 184-аятында: «Ал кім науқас болып немесе сапар шегіп ораза ұстамаса, (қаза болған күндерін) басқа уақытта ұстасын», – деген.

2️⃣ Оразаға шамасы жетпейтін, созылмалы (хроникалық) ауру. Бұл жағдайда ораза ұстамай әр күніне підия береді. Алла Тағала жоғарыдағы аяттың жалғасында: «Ораза ұстауға шамасы әзер жететіндер (яғни, қарттар мен созылмалы дертке шалдыққандар) підия ретінде бір жарлының тамағын беруі керек», – деген.

#СағындырғанРамазан
Ұлы ниеттер Ұлы Раббымыздың дидарына жеткенше тоқтамауы керек

@sayatedu
“Уа, Раббым! Мені қанағатшыл ет. Маған берген ризығыңды берекетті қыл”.

(Абдулла ибн Аббас (р.а))

#бүгінгідұға
🌙 Рамазанға 2️⃣0️⃣ күн қалды

Балиғат жасына жетпеген жас бала мен ақыл-есінен ауысқан адамға ораза тұту парыз емес. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Үш адамнан (амал дәптерін жазатын) қалам көтерілді: айыққанға дейін жынданған адамнан, оянғанға дейін ұйқыдағы адамнан, балиғатқа толғанға дейін баладан» [1]. Алайда балаларды құлшылыққа баулу мақсатында ораза ұстатқызу – мұстахап.

📚 Хадисте: «Біз балаларымызға ораза ұстатқызып, оларға жүннен ойыншық жасап қоятынбыз. Егер біреуі тамақ сұрап жыласа, ауызашар уақыты келгенше (ермек қылып отырсын деп) сол ойыншықты беретінбіз» [2] делінеді.

[1] Термизи, №1423. Нәсәи, №7346. Ахмад, №956.
[2] Бұхари, №1960. Муслим, №1136.

#СағындырғанРамазан
«Шамасы жетпейтін іске кіріскен адам
күлкі болады. Өзінен басқа ешбір жанды менсінбеген құрдымға кетеді. Кімде-кім адамдарға тәкаппарлық танытса түбінде қор болады. Кеңеспеген кісі өкінеді. Ғалымдармен
мәжілістес болған кісі білгір болады. Сөзі азайған кісінің есендігі арта түседі»

Ізгелер сөзінен

@Sayatedu_ld1
Абайдың қара сөздері 1-45 ● ТОЛЫҚ ЖИНАҚ ●
Read_More_Channel
Абай атамыздың 1-45 ші қара сөзі. Ән орнына тыңдап жүріңіз.

Өте құнды аудио🙂, міндетті түрде сақтап алыңыз.
“Уа, Алла тағалам! Барлық бұрыс міндеттерден, жағымсыз орындардан, теріс іс-әрекеттерден, пайдасыз сөздерден һәм пасық ой-пікірлерден сақта деп Өзіңе сыйынамын әрі кешірім сұраймын”.

(Мухаммед ибн Уаси)

#бүгінгідұға
🌙 Рамазанға 1️⃣9️⃣ күн қалды

Сұрақ: Рамазан айында жолаушыға ораза тұтпауына бола ма?

Жауап: Алыс жолға шыққан (шамамен 90 шақырым) жолаушыға рамазан айында ораза тұтпауға рұқсат етіледі [1]. Алла Тағала Құранда былай дейді: «Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде өтесін» [2].

Егер жолаушы сәресін ішіп, таң атқаннан кейін жолға шықса, онда сол күннің оразасын бұзуға болмайды. Өйткені ол оразасын тұрғылықты кезінде бастап қойған. Оны өз еркімен бұза алмайды. Егер жолға шықпай жатып аузын ашса, оразаның қазасымен қоса кәффаратын өтейді. Ал сапарда аузын ашып қойған жағдайда тек оразаның қазасын өтейді [3]. Сол үшін ораза ұстауға әрекетін жасамай таң атпай жатып жолға шығу керек.

[1] «Фәтху әл-қадир», 2/356.
[2] «Бақара» сүресі, 184-аят.
[3] Абдулхамид Махмуд Туһмаз, «әл-фиқһ әл-ханафи фи сәубиһи әл-жәдид», 1/437.

#СағындырғанРамазан
Жалқаулығымыздан балалап жатқан жағымпаздық пен көреалмаушылықтан құтылғанда ғана қазақ бір-біріне дос бола алады, бірлікке бір табан жақындай түседі.

Шархан Қазығұл
📓 Оңашадағы онлайн ойлар
Қазақ бекер айтпайды: «Кедей бай болсам дейді, бай құдай болсам дейді». Қолына қарға тышқан адам байлығын еселей түссем деп жанталасады. Философияның заңы: «Қажеттілікті өтеу жаңа қажеттілікті туғызады». Бұдан кейін бəсекелестік басталады.
Мұның арты дүниеқоңыздыққа барып тіреледі. Осындай маршрут.
Ешқашан «happy end»-ке апармайтын маршрут!

Шархан Қазығұл
📓 Оңашадағы онлайн ойлар
Омар ибн Абдул Азиздің артында тұрып намаз оқыдым. Сонда "Оларды тоқтатыңдар! Олар алдымен (дүниелік істері үшін) жауапқа тартылады", – деген аятты (әс-Саффат-24) қайта-қайта оқып әрі қарай жалғастыра алмады.

Муқатил ибн Хаййан (Алла рахым етсін)

@yerzhan_bakhytzhanov
“Уа, Раббым! Жүректерімізді безендір һәм бейнемізді көркемде”.

#бүгінгідұға
🌙 Рамазанға 1️⃣8️⃣ күн қалды ☺️

Сұрақ: Жолаушы сапардан оралған күні не істеуге міндетті?

Жауап: Жолаушы өзінің тұрғылықты тұратын жеріне оралғанда немесе бір қалада 15 күн тұрақтануды ниет етсе, ораза ұстауға міндетті.

Егер жолаушы сапардан үйіне күннің жартысынан бұрын (яғни бесіннен шамамен бір немесе бір жарым сағат аралықта) қайтып, оразаға (еш нәрсе жемеген болса) ниет етсе, оразасы дұрыс болады. Ал бесіннен кейінгі уақыт аралығында келсе, онда адамдардың айыптауынан аулақ болу үшін күн батқанша еш нәрсе жемейді. Себебі айып тағылатын нәрседен аулақ болу, сақтану – уәжіп [1]. Рамазан айынан кейін сол күннің қазасын өтейді.

[1] «Әл-Ихтияр», 1/421.

#СағындырғанРамазан
“Уа, Алла тағалам! Саған жер мен көкті толтырардай шүкірліктер болсын”.

(Мисар ибн Кидам)

#бүгінгідұға

Жұма мүбәрак болсын!!
☪️ «Уа, иман келтіргендер! Мал-мүліктеріңді араларыңда арам жолмен жемеңдер. Ол табысыңыз әрбіріңіздің ризалығымен болған сауда заты болса да».

📖 «Ниса» сүресі, 29-аят.

🤲 Жұма мүбәрак болсын!