Шұғаның белгісі🤍
231 subscribers
28 photos
94 videos
7 files
Бұл жерде жұмыстарымның жартысы🥰
Download Telegram
Сен ешкім болмасаң да әлем үшін,
Әлемі бөлек жансың әкең үшін.
Сен ешкім болмасаң да ғалам үшін,
Ғаламат ғажап жансың анаң үшін.

Сен ешкім болмасаң да халық үшін,
Алыпсың ұл-қызыңмен жарың үшін.
Сен ешкім болмасаң да қауым үшін,
Керексің қарындас пен бауыр үшін.

Ата-анаң, жарың, бауырларың
Бар болса жалғыздықпен ауырмағын
Керек болмай қалсаң сен ешкімге
Бір Алланың пендесі емессің бе?!
Поэзия кешінде жолыққанша🙌🏻❤️
Құрбыма
 
Бүгін маған құрбым келді:
Құшақтап соңғы үмітін,
ұйқысыз жүрген күн-түн.
Үйленіп кеткен басқаға
Сағынады екен жігітін.
 
"Сен мендей ессіз сүйіп пе ең?
Құлап кетсем бе биіктен?
Шылымның дәмін көрсем бе,
Ішім кетсем бе күйіктен?
 
Білмеймін ненің керегін,
Ақымақ мені демегің
Намазға егер жығылсам,
Тыныштала ма жүрегім?
 
Бүйткен өмірі құрысын
Жылап отырмын кім үшін?
Кетіп қалсам ба бір жақа
Тарылып кетті тынысым?"
 
Жасыңды ұзақ төккіздің
(Ұқсастығымыз көп біздің)
Сендегі күйді, жаным-ау,
Мен де басымнан өткіздім
 
Бүгін маған құрбым келді:
Бір күліп тағы бір жылап
Бітпейтін не ол мың сұрақ?
Жылулық меннен күтеді,
Жұбата алмадым мен бірақ
Жайна Минайдар
Тек поэзия емес, арасында сырласып отырсам қалай?
Бәріне сәлеем) мендей колхозға телеграмның постына қалай комент жазуды үйретіңдерші🙌🏻 біраз нәрсемен бөліскім келеді…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қалайсыздар? Осы жұма күні бұйыртса, пост қылып саламын) Оған дейін бағасын өздеріңіз беріңіздер🫶🏻
Мұқағалидың жиенінен бір поэзия)
23.03.2023❤️
Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын🤲🏻
Бүгін бір емес, екі құрбым (бір-бірімен байланысы жоқ)шетел асып кетті. Бірі Түркияға, бірі Тайландқа. Мүмкін емес нәрсе жоқ. Кейбіріңіз үшін таң қалатын,жаңалық ашатын нәрсе емес шығар. Бірақ, мен ес білгелі қай ел болмасын, шетелге шығуды армандадым,әлі де армандаймын. Мен үшін тағы бір дәлел, мотивация сияқты. Құрбыларым үшін өте қатты қуаныштымын.Аман-есен барып келіңдер🤲🏻Дұғамдасыңдар🤲🏻
Алла бәрімізге шетел көріп, қалағанымыздай өмір сүруді жазсын🤲🏻
Қыз ғұмыр мен күз ғұмыр егіз ұғым сияқты…
Қалайсыздар🫶🏻Мен бармын🤭Поэзияны ақырындап қолға алып жатырмын🫠