Шұғаның белгісі🤍
232 subscribers
28 photos
94 videos
7 files
Бұл жерде жұмыстарымның жартысы🥰
Download Telegram
Audio
Audio
Audio
Ол сені сүймейді...
 
Доғар бәрін,
Өз-өзіңді онсызда көп алдадың.
Түсінемін, басыңнан бағың тайып,
Өміріңнен бір адам жоғалғанын.
 
Өтіп жатыр уақытың алдауменен,
Бірін сөгіп, басқасын қарғауменен.
Тірі жанда, Құдай-ау, болмаушы ма ед...
Бір үмітке үмітті жалғау деген.
 
Бұйырмаса қайтесің...
Көтер басты,
Болмайтынға мазаң да бекер қашты.
Жамандықты шақырма... Өмір алда,
Көздеріңнен көп төктің жетер жасты.
 
Өмір емес - қасірет,
Шерің - уайым,
Көпке дастан етпеші көңіл жәйін.
Тарауындай кітаптың мынау Жалған ,
Қалауыңдай болмайды өмір дәйім.
 
Ол сені сүймейді - шындық осы,
Бір адамсың;
Таңы - аза,
Мұңды - кеші.
Неге сонша іш-іштен таусыласың,
Өз жанында бардай-ақ сүмдық өші.
 
Өмір заңы...
Берілме тағы ашуға,
Соры қайнап, біреудің бағы асуда.
Сенің сүйген адамың - ол да пенде,
Құқығы бар оның да адасуға.
 
Мәңгілікке табылмас тұрақ Жерден,
Бұл өмірді, замандас, Жұмақ көрмең.
Бұл да - сенің сынағың,
Хақ Тағалам
Әр адамға түрліше сынақ берген.
 
Ол сені сүймейді....
                       (  Санжар Ғұлама)
Audio
Көп қыздар өздерін көріп, жекеге жіберуімді сұрады. Бәріне бірдей телеграмға салдым🥰
Анаң жыламайтынай,
Əкең ұялмайтындай,
Жан достарың уақытын, саған жиі арнайтындай.
Сен өмір сүр!
Сырласым!
Ешкім жібермейтіндей,
Ешқашан да ешбір жан, сені қия алмайтындай...
Сен өмір сүр!
Сырласым!
Ертең өкінбейтіндей,
Қайтаруға тырысып, қайта өтінбейтіндей.
Сен өмір сүр!
Келемеждеп, көре алмастар мін тауып,
Қас-дұшпандарың істеріңе көп күлмейтіндей.
Сен өмір сүр!
Сырласым!
Сөздер айтылмайтындай,
Қиындығы келсе жақының жəй тұрмайтындай.
Жылдарың өте келе жұлдызың өшпейтіндей,
Аспанда,
Одан əрі,
Жанып, жарқырайтындай.
Сен өмір сүр!
Сырласым!
Бек Жылқыбаев
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақ қызына.

Бес күндік мынау жалғанда,
Жетсінші бəрі арманға.
Ақ көйлек кию бұйырсын,
Тілерім нәзік жандарға.

Сыйласын жары тәтті өмір,
Өтсе де бастан шақ небір.
Бұйырсын ата - байсалды,
Бұйырсын ене - ақ көңіл.

Шаттыққа бөлеп əр үйді,
Жарық қып тұрар фəниді.
Атансын ана ол үшін,
Бұйырсын сүю сәбиді.

Құламай жүгі жиылсын,
Тағдыры қыздың - қиын шын.
Қазақтың əрбір қызына,
Осының бәрі бұйырсын!

Торғайлық ақын - Саят Əбенов
Cafe Anatolia
Cafe Anatolia.
Мазаламайын,
Мазаламашы.
Тып-тыныш өмір сүрейік.
Сен мені мүлде жазаламашы,
Түк болмағандай жүрейік.
 
Сағындырмайын,
Сағындырмашы.
Жаныма тыным бер менің.
Ессіз сезімге бағындырмашы,
Болмайын сенің ермегің.
 
Күттірмейінші,
Күттірме мені.
Кездесуге де шақырма.
Бір бақыт ұзақ күттірген еді,
Сен олай етпе, мақұл ма
 
Осының бәрін теріс дейікші.
Бұл менің қатал жарлығым.
Осы айтқандарға келіспейікші,
Кері істейікші барлығын…
 
(Төреғали әні)
 
 
Audio