Шұғаның белгісі🤍
232 subscribers
28 photos
94 videos
7 files
Бұл жерде жұмыстарымның жартысы🥰
Download Telegram
Өмірді сүріп пенделікпенен,
Батырды мұңға тұңғиық терең.
Адасып қалған адамдай жолда,
Өзімді таппай, сенделіп келем.
 
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жақсы қызды жар еткіңіз келеді.
Еліңізге келін болман, себебі:
Том-тарихты ақтарғанда болашақ
Қазақ болып қалу керек дерегім.

Бастарында болғаннан соң бостандық,
Қаншама қыз «өзге» жастық жастанды.
Ел болмайтын «жиендерді» көбейтіп,
Қазағыма жасамаймын қастандық …

Зор білекті батыр тусам, қайтемін?
Жар астында жасырынған жау болар.
Дүр жүректі хакім тусам, қайтемін?
Ел арасын алшақтатар дау болар.

Өте білгір әкім тусам, қайтемін?
Қарашадан дара шығып хан болар.
Өткір тілді ақын тусам, қайтемін?
Тамырына тартып текті жан болар.

Ұрпағымды сүйгенмен,
Ұлтым үшін күйгенде,
Белгілі ғой жұлдызымның жанбасы.
Әйел-ердің қабырғасы білгенге,
Бір қазағым «қабырғасыз» қалмасын.
Үрдің қызы күтіп жүр-ау сізді де
«Қабырғаңыз» болғасын.

Достық туын желбіретсек…
Достық сөзі киелі!
(Адал дос деп сізге басты иемін).
…Өзге ұлтта алынбаған өшім жоқ,
Өз ұлтымды «өзгешелеу» сүйемін.
Сондықтанда, қазақ болсын күйеуім!
Арманым - Мекке Мединаға бару🤲🏻Алла қаласа, орындалады🙌🏻
Кайф для ушей 💔❤️‍🔥
Oilai berem
2Rar
Мен неге, сен туралы
ойлай берем..🌀

@miia_kiim new music 💙
Менімен бірге болғандарыңыз үшін мың Алғыс🤍🤍🤍🤍🤍
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қадірін біл
 
Анаң,әкең,бауырларың жаныңда
Сол үшін де босқа мұңға малынба.
Бұл сен үшін Жаратқанының сый қылған
Баға жетпес байлығы деп қабылда.
 
Ұлың,қызың,асыл жарың қасында
Бұдан асқан бақыт бар ма расында
Отбасыңның қадірін біл бауырым,
Баста тұрған бақыт құсын қашырма.
 
Жан-жарыңның көлдей қылып көз жасын,
Еркек біткен езге айналып тозбасын.
Жанұясын жылататын жігітті
Азамат деп санамаймын өз басым.
 
Жанұясын бағаласын әр адам
Арманына жетем десе қалаған
Нағыз бақыт өз үйіңнің ішінде
Оны іздеудің керегі жоқ даладан.
 
 
Биссмиллях деп Неке қию курсын бастадым ғой🥰 Қатысам десеңіздер, жазыңыздар🤗
Audio
Өзім туралы...
Мен бұрын ерке қыз ем, жаны тұнық,
Қалдым ба тағдырымнан сәл ұтылып?
Тербелген бал шағымды еске алып ем,
Кеудемнен шерім кетті ағытылып.

Мен кеше арман едім, әппақ арман,
Келгендей кейпім бартын жат ғаламнан.
Өмірде бір ақ рет сүрініп ем,
Жақсы әнім ұмыт болды жаттап алған.

Бір кезде бар болмысым құралай тын,
Жан едім құламайтын, жыламайтын.
Бір жазу жазылыпты маңдайыма,
Жайым жоқ ешкімді оған кінәлайтын.

Жарайды...
Өткен өтті... Өмір мектеп!
Күн күліп келе жатыр көгімде ептеп.
Мен де ертең шаттанамын шуақтанып,
Мен де ертең құлпырамын көңіл көктеп!

Неге өмір өткенді еске сала берді?
Қайтадан сүйгім келед бар әлемді.
Ештеңе аямап ед Алла менен,
Кішкентай бақ берсе екен маған енді!
Рахат Әбдірахманов