Үзік сыр☔️
639 subscribers
39 photos
9 videos
4 files
2 links
heart to heart (канал авасы админ тұрмысқа шыққанда ауысады, әзірге жаңбырлы☔️)
Download Telegram
Жұмбақтығымызды жоғалтпайықшы. Қыздың сөзге сараң, көзге ұяң боп көрінгені қандай әсем еді. Бірақ осы әсемдікті ермек қылып, жоқ ететіндер де табылады. Айналамызға сақтықпен қарайық, жарығым
Бір оқиға есіме түсіп кетті.

Шамамен 7-сынып оқитын кезім. Әжем қатты ауырып, 10 күнге ауруханаға түсіп еді. Мен атамен ғана қалдым. Бәрі қалада жұмыста, біз ауылда болатынбыз.

Мен әжеме қатты байланып қалған адаммын, мойындаймын. Түн... Мен төсегімді атаның қасына әкеліп, көзім жасаурап ұйықтап қалдым. Сол күні түнде ата байқамай менің аяғымды басып кеткен еді. Мен қатты жылағам, бірақ аяғым ауырғаннан емес, әжемді сағынып... Атам «10 күн ұйықтап тұрсаң келеді» деп жұбатып еді. Дәл сол сезім есіме түсіп кетті. Естеліктің құдыреті осында шығар.
Менде бір жақсы қасиет бар.
Жақсы деп санайм енді). Мен өзім ұнатпайтын, жақтыртпайтын адаммен сөйлеспеймін, сырласпаймын. Бетіне де қарамаймын. Бұл өзімшілдік емес, өз шекарамды сақтауым. Артық негатив денсаулыққа зиян😴
«Женская солидарность» танытып үйренейік, арулар. Керек емес жерде «ц ц» деп таңдай тақылдатқаннан ұтарыңыз жоқ. Әдемілікті, көркем дүниені көрсек, неге күйе жағуға, отап тастауға әзір тұрамыз? Әсем бе, мойындаңыз, одан сұлу сөзіңізді аямаңыз. Бұдан сіз төмендеп, ол асып кетпейді.

Көшеде көрінген көркем қыздан қарсылас іздеп қажет емес🙃
Біз сонда өсіп кеттік пе? Бұрынғыдай кішкене нәрселерге қуана алмаймыз ба? Ештеңеге уақыт жетпей ме? Күнде бас қосып, ду-ду әңгіме айтпаймыз ба? Бақыттың бәрі 16 мен 18-де қалып кетті ме?
Біз, қыздар қауымы эмоцияның адамдарымыз. «Көрсін, білсін, сезсін» деп тұрамыз. Әр айтылған жылы сөзді, құлағанда демеу болған жанды ұмытпақ емеспіз. Сыйлық алуға да, беруге де құмармыз. Қуанышта да, қайғыда да көз жасымыз дайын тұрады. Осыны түсіну қиын ба?!
Жан тыныштығынан артық бақыт жоқ шығар. Арнайы сіздер үшін түсірілген видеолар. Сезініңіз, көркем дүниеге сүйсіне біліңіз🤍

«Уақыт өтіп барады-ау, оны қойшы. Сәттер өтіп барады, осы жаман» Қ.М.Әлі
Сен үшін хайырлы емес адамдарды Жаратқан өзі алыстатады. Біз де солай өзгелердің өмірінен өшеді екенбіз.
Тиктокта бір өлең тармақтары трендке айналыпты. Онда былай делінген: «Соққан жел қайта келіп кешірім сұраса да,
Сынған бұтақ сынған күйінде қала береді
».

Мен бұл сөзге келісе алмадым. Әжем үнемі «алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» дейтін. Пенде болған соң, жаза басып, жаңылу, қателік жасау заңды. Бірақ «кешірім жасау – кеңдік, кешіре алмау – кемдік» екенін ұмытпайық.
Трендтің де боладысы бар, болмайтыны бар).

Мен бір жандарды жүрегіммен кешіріп, жіберіп қойғам🤍
Өзгені жұбату, оның қаяу түскен көңілін көтеру - сауапты іс. Ал «мен бетке айтамын, мінезім сондай» деп аңдамай сөйлейтіндердің халі белгілі...

Өкпеге қисақ та, өлімге қимаймыз ғой. Неге сондай кей адамдар шағып, қисық сөйлейсіңдер?! 🥺
«Әр сәтті бағала» деген қазір үйреншікті сөзге айналды. Дегенмен біздің әрбіріміздің жүрген жолымыз, естеліктеріміз енді қайта келмейді де, жадымыздан өшпейді де. Жастығымыздың әр сәті ұрланып жатыр. Дәл осы уақытты өкінбестей өткізу жазсын.

Қандай әдемі дұға: Уа, Аллаһым, мен өзімді жоғалтып алсам, сенің жазған тағдырың менің ойлағанымнан да өте әдемі екенін есіме сал🤲🏻
«Айналайындар, ешқашан ата-аналарыңды «ана баланың әке-шешесі бай, сендер неге бай емессіңдер?» деп кінәлай көрмеңдер. Сол күні күнде көріп жүрген әкеңді көре алмай қалсаң, арманда қаласың ғой. Үйіңнің тегін аспазы боп жүрген анаң бір күні ауырып, бір жағдайға ұшыраса, өкініште қаласың ғой. Кейін кеш болады. Жақсы көр. Бағала еңбектерін. Аман-есен туғанына, өзі киінбей, сені киіндіріп жүргеніне, өзі үйде отырып, сені оқуға жібергеніне, соңғы тәттісін саған арнап сақтағанына… Ауылға барыңдар».

Қымбат Әбілда
Әжеге автобуста орын бергем (дәл қазір). Әжей маған:
- Рақмет. Мен сені ренжітпедім бе?
- Жоғааа.
- Шынымен ренжіп қалмадың ба?
- Жоқ😅.
- Анау жерде орын босады, тез отырып ал.


Аааа әжеге ғашық болдым😻💛
Филология факультетін тамамдаған әр қызды құрметтеймін. Жүрек түкпірінде жасырынған әр сөзді түсіну, дер кезінде сүрінген жанға қолдау көрсету алдымен осы қыздарға дарығандай. Түрлі жанрдағы кітаптарды оқып, әр кейіпкердің кейпіне ене алу да, жазушы қаламынан сұрыпталып шыққан сөздердің құдіретін сезіну де - өнер.
Филфакқа түскенімде алғаш қуанған жан атам еді. Себебі ол кісі кітап оқуды бірінші орынға қояды, көзіне ақ түскенше кітап оқыды❤️

Атамның сөзі: «Кітап оқыған қыздан жаман әйел шықпайды».
Жеті қазақ және бір орыс отырса, орысша сайрап кететін қазағым-ай! Құлдық санадан арыла алмай келеміз. Қазақ тілін өзіміз керек етпесек, өзгеден не қайыр? Қарапайым банкоматта да қазақ тілін таңдайтындардың саны 1-2%-ды құрайтыны өкінішті! Жұмыс түгілі, кинотеатрдан киноға билет алу үшін де, дүкеннен нан сұрау үшін де орыс тілін білуге міндеттіміз. Қазақ жерінде жүріп сондаймыз... Тіл үйрен, алайда алдымен өз тіліңнен басташы!

Өзге ел «өз тілінде сөйлемейтін ұлт - қазақ» деп мазақ қылады. Қазақ тілін білсе де, ол тілде сөйлеуді, жазуды ұят санайтындарын қайтерсің?! Әдейі орысша акцент қойып, «қазақшасы қалай еді, сен филологсың ғой» дейтіндерге айтарым: Қазақ тілі тек бізге керек пе екен?!

«Әдебиетті оқы» деп қыстамаймын, бірақ «Абай жолының» авторы Мұхтар Әуезов екенін білуге болады ғой! «Авторы Абайдың өзі» деп күйдірмей! Түрі қазақ, тілі орыс ұрпақ өсіп келеді. Қорқынышты...
Қателесу керек те шығар мүмкін,
Кешіре алар бір жандар бар болғасын.
Мен талмай оқуды, қойған межеге жетуді, қандай жағдай болмасын туған бауырдан қол үзбеуді апаларымнан (әпке) үйрендім. «Осы қасиетің апаларыңа ұқсайды екен» дегенді есту - мен үшін ең үлкен мақтау сөз. Алтауы алты жағымнан қойылған қорған секілді көрінеді. Сүрінгенде, күрсінгенде, сынақпен сыналғанда демеу болар, қайғы келгенде бір-бірінен «ет пен тырнақтай ажырамаған» бауырларға не жетсін?! Олар барда «көңіл» деген көбелегім түңілмек емес! Төрдегі сыйлы орын бауырларға арналсын. Туған бауырдың қадіріне жеткейсіздер🤍

Бауыр деген - бір әлем, ауыл бөлек,
Бауырларсыз жүгің де ауыр демек.
Бауырлардың тілейік амандығын,
Әр адамға өмірде бауыр керек...
Мына жалған дүниедегі жәннәт қайда екенін білесіздер ме?!
Ол күлімдеген көздерде, тәтті сөздерде, бақытты жүздерде. Ең бастысы, махаббатқа толы жүректерде❤️
«Жұрт не дейді?!»

Біздің халықтың дертті тұсы осы фразада жатқандай. Өзінің таңдауына сенімсіз болу, әрбірден соң өз-өзіне сенбеу, өз өміріне қатысты шешім қабылдаудан қорқып, тағдырының тізгінін сол жұрттың қолына ұстатып қою - көп адамның үлкен проблемасы. Ең сорақысы – сондай проблемасы бар адам ұрпағын да солай тәрбиелейтіні. Ата-анаң «жұрттың баласын» үлгі ете берсе, әрине сен де сол жұртқа елеңдеп өсесің. Жеке өмір жұрт алдында талқыға салынбағаны жөн.