Үзік сыр☔️
634 subscribers
39 photos
9 videos
4 files
2 links
heart to heart (канал авасы админ тұрмысқа шыққанда ауысады, әзірге жаңбырлы☔️)
Download Telegram
Ұшақ - ойларыммен жеке қалу үшін таптырмас орын.
Әрбірімізді жұп-жұппен жаратты дейміз ғой. Белгілі бір жасқа келгенде әр адам өз махаббатын кездестіреді деп ойлаймыз. Бірақ...

Бірақ бір құпия бар. Жүз адамның бесеуі, не оны ғана шын махаббатқа қол жеткізуі мүмкін. Ал қалған тоқсаны өмір бойы махаббаттың не екенін түсінбей өтеді.
Екі жан бір-бірін өліп-өшіп сүйіп, өмірдің бір кезеңдерінде екіге жолдары бөлініп кетуі мүмкін. Содан соң, махаббатты кезіктіруі екіталай.

Сыйластық болады, бауыр басу болады, сағыну, сезіну болады. Барыңызды жасап жүрген жолдасыңызды шын мәнінде жақсы көрмеуіңіз мүмкін. Осы жасағаны үшін сыйлауыңыз мүмкін, бірақ сүймейсіз.
Менің ойымша, өмірден өтер кезде ең үлкен өкініш сол болады. "Ал егер мен әлгі махаббатыммен өмірімді сүрсем не болар еді?" деген сұрақпен кетесіз.

Және оның жауабы болмайды. Бұдан асқан өкініш бар ма?
Мен қызды теңізге теңер едім. Қашан толқыны тасып, қашан тынышталарын білмейсің.
Қызды гүлге теңегенді ұнатпаймын. Оның солып және құлпыруы өзгеге бағынышты болғанын қаламаймын.
Биіктен құлағанда,
Көңілің жалғызсырап, жүрегің жылағанда,
Сен мені шақыр...
Қиындық жеткен кезде,
Уайым шеккен кезде,
Сырласар адам таппай, қиналып кеткен кезде,
Сен мені шақыр...
Жалған намыс жақын жандардан айырады.
Өзгеге сыйлайтын ең баға жетпес құнды сыйлық - уақыт.
Алла алыстатқан адамдарға қайта жақындауға тырыспа. Керек емес.
Сондай сұлу жандар болады. Қызығасың, кейде қызғанасың. Бірақ сөйлеп бастағанда сұрықсызданып кетеді. Таңданасың да, қашасың.

Олардың сол үнсіз портрет кейпінде қалғанын қалап кетем.
Құдайдың орнына басқаны қойып, құнсызданып кетпейін.
Көшеде гүл ұстаған қыздарды көріп қуанып тұрмын. Қайсысы гүл, қайсысы қыз деп шатастым.
Шай қой, бәрін жаңадан бастаймыз.
«Қаланың тасбауыр мінезі бойыңа сіңбесін десең, ауылға жиі барып тұр»

Б.Момышұлы
Азан естіген құлақ азғындыққа бармайды.
Дүниедегі ең ғажап сезім - ақталуды қажет етпейтіндей сені жақсы білетін, айыптамайтын және қандай ниетпен істегеніңді білетін адамның жанында болу.
Ақылды қызбен болу - аса қиын дүние. Өзінің пікірі, ойы бар, жеке шекарасын қоя алатын қызға кез келген еркектің әлі келе бермейді. Ақиқат.
Мені "бәрібір" деген күйге жеткізбе.