Үзік сыр☔️
657 subscribers
39 photos
9 videos
4 files
2 links
heart to heart (канал авасы админ тұрмысқа шыққанда ауысады, әзірге жаңбырлы☔️)
Download Telegram
Өз ойымды біреудің миына құюдан аулақпын. Тек керегін алыңыз.

Қыз бен ұлға, әйел мен еркекке қатысты шаблонды ойлардың өзгермейтіні өкінішті. Барлық жігіт темір мен болаттан, төбелес пен «шрамдардан» жаралған жоқ. Лирика мен әсем әуеннен, тәтті тағамдар мен әдемі киімдерден жаралған, табиғаты бөлек жігіттер де бар. Сол секілді қыздардың барлығы бірдей ақ бантик пен жылтырақтан, алжапқыш пен диетадан пайда болмады. Көне кітаптардың иісінен, алшынынан түскен асықтан, ат тұяғының дүбірінен жаралған қыздар да бар.

Әр адам - өз таңдауының нәтижесі.
«Қайғы менен қуанышқа шыдайтын, неткен мықты қыз шіркіннің жүрегі».
«Бақыт деген - соқыр құс. Кім болса соның басына қонады. Қадірін білген ұялатады, білмеген үркітеді».
- Біз ренжітпеуге тырысатын адамдар, неге сонша өкпешіл?
- Жақсы көргеннен...
Ешкімді ғайбаттамау, ешкімнің мінін іздемеу, кемшілігіне қарамау, ешкімнің ақысына кірмеу неткен бақыт, әрі жүректің тыныштығы десеңші
«Күт деді, кетті,
күтпедім, ол да келмеді.
Өлім секілді бірдеңе болды,
бірақ ешкім өлмеді...»
Мен бүгін бір қыздың әкесі оған гүл сыйлағанын көрдім. «Солып қалады ғой» демей, қызының көңілі көтеріңкі болуы үшін шоқ-шоқ гүлдер жіберіпті. Қасында хаты да бар: «Сүйікті, алтын қызыма! Сенімен мақтанамын. Тілек білдіруші: Әкешің».
«Қалаған нәрсең болып жатса, бір қайыр. Болмай жатса, мың қайыр».
Бір адам ғашығына сырттай ерекше дұға жасайды екен. Ол төмендегідей:

«Аллаһым, ол мен үшін қайырлы болса, оны маған жақындата көр. Ал егер қайырлы болмаса, қайырлы ет те, мендік қылшы☺️».
«Естен кетпес күндер де естен кетеді.
Ескіріп немесе ес кіріп...»