Үзік сыр☔️
675 subscribers
39 photos
9 videos
4 files
2 links
heart to heart (канал авасы админ тұрмысқа шыққанда ауысады, әзірге жаңбырлы☔️)
Download Telegram
Сен және сенің өмірің. Бұл бақыт қайталанбайды. Өмір өмір болып қалсын, күйбең тірлікке айналып кетпесін.
Келетін болсаң, гүліңмен және тәп-тәтті тоқашыңмен кел.
Жаратқан бізге ұмыту нығметін бермегенде, кеудеміз қайғыдан жарылып кетер еді.
Көңіл қалмас үшін, көңілге алмау керек. Болды, өмірді қиындатпа.
Телеграмда «ақыл айтатын арна - арна емес» деген сөздер таралыпты. Ақыл, сана бәрінде бар, керегі - тәлім. «Өз ақылым өзіме жетеді» дейтін қоғамда мұны қалай түсіндірерсің..
AUD-20200403-WA0119
<unknown>
«дос»қызға🌻

«…кей кезде қабағы мұз,
бұйралау бұрымы бар.
ол сондай саналы қыз,
ақынның жырын ұғар.
шыдағам бұрын қайтіп?
жүрегім жалғыз сенсің.
болдым, дос, сырымды айтып...

Айтпақшы... сол қыз Сенсің!
- таныдың ба..?»
Бір әже: «Ох, какая ты красивая. Бақытты бола ғой». Бүгін бәрі мені «қуантамыз» деп келісіп алғандай💔.
Ой артына еріп, салым суға кететіні не осы менің?! «Шүкірің қайда?!» деп өзімді сілкіп алғым келеді кейде. Тірі адам тіршілігін қылады. «Тұлға» деген атты көтеріп жүрейік. Сансыз нығметтер мен мүмкіндіктер қолымызда тұр ғой. Бір-ақ рет берілетін өмірімді текке кетіргім келмейді...
Бәріне үлгересің, уайымдама. Қиындық өтеді де кетеді. Сен бұл жүкті көтере алмайтын болсаң, Жаратқан саған мұны артпас еді.
Алматының күн райы сондай алдамшы. Жапырақтардың сарғайғанын, күннің ерекше ызғарын бүгін ғана байқадым. Сол салқындықпен кеудеңді қаусырып алып үйге асығасың. Үйге келгенде «әлемді, өмірімді өзгертемін» деген ойыңнан айнып, тәтті ұйқыға кетесің. Ал таңнан бастап, баяғы қарбалас тіршілік басталып кетеді. «Дайынсың ба?!» деп сұрамайды...
Бөлексің
Alisher Konysbaev
Маған осы нұсқа қаттырақ ұнады🫠
Бүгін көрген ең керемет сөз:
«Менде шексіз мұқтаждық бар. Ода шексіз ризық бар».
ҚАЗАҚША СӨЙЛЕ, ҚАЗАҚ❗️

Таксиге отырғанда да, мейрамханаға барғанда да, қарапайым дүкен есігінен кіргенде де қазақша сөйлеп қызмет етуін талап етіңіз! «Здравствуйте» деп міңгірлеп сөз бастауды қойыңыздар! Қазақ тілі бізден басқа ешкімге көк тиынға да керек емес!
Бүгін курьер қоңырау шалды. Әңгіме басы бірден «Здравствуйте»-мен басталды. Бұл жолы ол кісіге орысша жауап қайырғым келмеді. «Саламатсыз ба!» дедім де, кері жауапты күтіп тұрдым. Сөйтсем, қазақ баласы екен. Сә-лемет-сіз бе... деп зорға сөйледі. Мекенжайдың бәрін қазақша зырылдатып айттым. Ол кісі біраз шатасып, адасты, бірақ тапты. Соңында сау болыңыз деп күлімдеп кетті.

Түйін: Орыс тілін басымызға тәж ғып шығаратын өзіміз екен. Мен таза орысты қазақша сөйлет демеймін. Тек өзгелер үшін өз ана тіліңізден бас тартпаңыз! Бір шырақ мың шырақты жандырады🕯
Таңдап алған жартысына опасыздық жасап, қол көтергенді көргенде махаббатты аяймын. «Махаббат жоқ» дейтіндерді одан да қатты...
Мына өмір қызық, иә? Сен шалынған жерден біреу жетістікке жетеді. Сен тұншыққан жерден әлдекім бақытын табады. Сен қимай кеткен жолдарды біреу жиіркене басады. Сен ұнатқан жүректі екінші бірі жек көреді. Сен сүріп жатқан өмірді басқа біреу дәл сендей сезіне алмайды.
Соңында қауышар болсақ, онда сағынудың өзі бақыт.