Үзік сыр☔️
653 subscribers
39 photos
9 videos
4 files
2 links
heart to heart (канал авасы админ тұрмысқа шыққанда ауысады, әзірге жаңбырлы☔️)
Download Telegram
Бір ғажапты күтеміз-ау әр көктемнен. Бірақ асықпайды ол, былтыр да осылай кеш келген. Биылғы көктем маған тым ерке көрінді. Сонысымен адамды баурайды. Ол жаңа бір беттің ашылуы, жаңа бір кезеңнің алмасуының хабаршысы секілді🌷
Кейбіреулердің атағы, беделі, бақ-дәулеті, білімі, тіпті киімі өзгеден сәл артық болса, мұрнын шүйіріп шыға келетіндері жасырын емес. «Мен одан артықпын!» деген шайтани сөз талай пендені түзу жолдан тайдырған. Бар бәленің, кері тартар кесапаттың бастауы осы сөз. Кеудемсоқ пенделердің қатарынан болмайық.

Жүрегіміз қараймасын🤍
Профессор Г.Смағұлова: «Қыздар, ешқашан өздерің бірінші ғашық болмаңдар. Махаббатта қыз ұстамды болуы керек, олай болмағанда, жігіт атаулы бірден жерініп кетеді. Өз қадірлеріңді біліңдер».

Бізде 150 минуттың 10 минуты өмірлік сабаққа арналады🙂.
Мен сенің өміріңдегі ең жақсы адам болғаным жоқ. Бірақ бір күні менің атымды естігенде, күлімдеп тұрып: «ол басқалардан ерекше еді» деп айтатыныңа сенімдімін🤍
Наурыз айы өзгерістерге толы болып жатыр

Күні бүгінге дейін білмеген, мен көрмеген басқа өмір бар екен. Дәрігер қыздармен бір шаңырақ астында тұрып, бізге бұйырған көп нығметтің қадірін біліп, шүкірім артты. Кеше түскен науқасқа жақында арғы өмірге аттанатынын хабарлау, «үйленемін» деп жүрген жас жігіттің оқыс әрекеттен сал болып қалуы, ойнақтап жүрген сегіз жасар баланың бір-екі жылда төсекке таңылатынын айту... Ойлаңызшы, осы айтылған әр науқас дәрігерге «бұл аурудан айығамын ғой» деген үмітпен қарайды.

Оқу, жұмыс, тіпті жай серуендеу деген ол жандарға арман! Ал біз «тух, шаршадым» деп бардың қадірін білмей, астамшылық жасап жатамыз.

Тәубеңізге келіңіз, жарқыным🤍
Жай ғана жақсы адам бол, бірақ оны дәлелдеп әуре болма❤️
Неге өзге адамдарға мін тағып, өзіміздің пікірімізді айта береміз?! Содан қалай рахат аласыздар? Олай істегеніңіз тікмінезділіктің санатына жатпайды. Ішіңіздегі запыранды я Құдайға, я тағдырға жаппаңыз. Өзгеріңіз, жақсы жаққа!

«Құдай мені осылай жаратты. Мен қалай бармын, солай қабылдаңдар» деген не сөз?! Мезгілдің өзі жылына төрт мәрте өзгереді. Ал адамзат баласы күніне мың құбылады.

«Расында, бір қауым өзін өзгертпейінше, Алла олардың жағдайын өзгертпейді».
«Жұрт не дейді?» деген қорқыныш пен «Ел десе екен!» деген мақтангершілік сені өз болмысыңнан айырады. Бұл жалаң түсінік өзіңнің емес, өзгенің қалағанындай өмір сүруге итермелейді. Нәтижесінде, сен «сен» болудан қаласың!
Рухани байлық қазір жеке парақшаға салынатын жазбалармен өлшенетін заманға жеттік. Жайлы төсекте жатып, бірінің бастағы орамалын, бірінің етегін аңдитын арсыздар көбейіп барады. Өзіне де, өзгеге де пайдасы жоқ құр семинарлардан аяқ алып жүре алмайсың. Мен осылардан гөрі «діни фанатизмді» қолдаймын. Жақсыны айтсын, дұрысын көрсетсін. Оның несі жаман?! Ұятсыз, боқтық сөздер айтқанша, Арман мен Ерсін ағалардың сөзін насихаттасын. Біреуге пайдасы тимесе, зияны тимейді. Сол ақылман сөздер миыңды палау қылып бара жатса, дәл сол «шірік» қасиет бойыңда бар деген сөз. Ол «болмайды» деген дүние тек оған емес, барша адамзатқа болмайды! Кейін сен «ескертпедің» деп жағадан алмау үшін айтады. Алланы таныған сайын ойы шектелген пендені көрмедім, нәпсісіне құрық салған сүйікті құлды көрдім.
Діни сауатты адам кейде ойын ойлағанындай жеткізе алмауы мүмкін. Ол оның білімсіз екенін көрсетпейді. «Көш жүре түзеледі» деген. Я бір әншінің, я бір ақынның фанаты болып қоймай, діннің де фанаты болайық! (ақ-қарасын ажыратып).

Адамның «менін» танытып жүрген тұлғасымақтар асыл дінді таптағанына қарап тұра алмайды екенмін. Ақым кетіп барады).
Сен де пендесің, ол да пенде. Мінсіз Алла күнәһар пендесін кешіргенде, пенде пендені неге кешірмеске?! Бәрі өткінші. Ендеше, жалған дүние жауласуға тұрмайды.

Ақырет бар. Есесі кеткен жандардың есебін түгендеу үшін бар. Қанша қиын болса да, кешіре біл! Жүректің емі - кешірімде...

Сені жақсы көремін, оқырманым☺️🤍
Абу Хурайра Алла Елшісінің ( ﷺ ) былай дегенін жеткізген: «Расында Алла Тағала айтты: «Егер құлым Маған бір алақан жақындаса, Мен оған бір білек жақындаймын, егер ол Маған бір білек жақындаса, Мен оған бір құлаш жақындаймын, ал егер ол Маған ақырын жүрсе, онда Мен оған қарай жүгіре жөнелемін» деген хадис жеткен (Бухари).
Жын баяғыдан Құдаймен алысып келеді, сондағы соғыс майданы - адамның жүрегі.

Ф.Достоевский
Аналарымыз «ортаңа тек мінезіңмен сыясың» деп айта беруші еді ғой. Сол сөз дәл айтылған. Бірақ арамызда досының бір жамандығын көрсе, бар жақсылығын ұмытып, «ата жау» ететіндер де, қырсық-қыңыр мінезімен қиғылық салатындар да жетіп артылады. «Тума мінез» барда, «жұқпа мінез» де бар. «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» деген желеумен көшірме болып жүргендер де бар. Жақсысын ғана алса болар еді, жоқ, шайпау-шатақ мінезді де өзіне қосып алатынын қайтерсің?! Ал бұл - қуыс көкіректің көрінісі. Өзін зор, өзгені қор санайтын өзімшілдер де жетерлік. Сол ызбарлы жүректе сұп-суық сезім, мұздай ой түнеп жатады. Солааай... Сөздің түйіні, мінез шіркін бәрінде де бар, бірақ ең жақсылары - сол мінезін жасырғандары🤍

«Мінез - жанның айнасы»
Құрметті ер азаматтар!

Былапыт, балағат сөздермен сөйлеуді доғарыңыздар. Қазір білінбес, бірақ кейін сор болып жабысады. Солардың ішінде «әке, шеше» сөздерінен басталатындары қандай жаман, қандай жиіркенішті еді. Біле білсеңіз, үлкен күнәлардың ішіндегі ең ауыры - кісінің өз ата-анасына лағынет айтуы. Қазір «өй» деп жүргенде, кейін сіз де бір отбасының отағасына айналасыз. Сонда қайдағы құдай атқан боқтық сөздерді естіп өскен ұлыңызда қандай әдеп болады, қызыңызда қандай қылық болады?!

Ібілістің тілінде сөйлеп қайтесіз?!
Қыздар, өз қадірлеріңізді ешқашан түсірмеңіздер! Өсек-аяңнан, былапыт сөздерден жоғары болыңыздар! Және ешқашан бірінші болып ер азаматқа сезім білдірмеңіздер! Бүгін ғашықтар күні екен деп естеріңіз ауып кетпесін. Жүректеріңіз де ораза ұстасын, тазарсын🤍
Адам үшін ең қорқынышты сезім жалғыз қалу шығар. Ал ең маңыздысы - қолдау. Кейде бір ауыр сөз сол жанға деген бар сезіміңді жойып жіберуі мүмкін, кейде керісінше... Тіпті, жан сырымызды ұрлатып та жатамыз. Адамдар, тым болмаса өзгенің сізге деген сенімін таптамаңыздар!

Шарасыз қалып, сүрінгенде «алаңдама, мен жаныңда боламын» деген сөз үмітіңді қайтадан лаулататындай. Жақсы сөздер өмірде сондай көп, ал соны айтып, тыңдай алатындар ше?!

Өмірімді (өміріңді) көркем ет🤍
Жұмбақтығымызды жоғалтпайықшы. Қыздың сөзге сараң, көзге ұяң боп көрінгені қандай әсем еді. Бірақ осы әсемдікті ермек қылып, жоқ ететіндер де табылады. Айналамызға сақтықпен қарайық, жарығым
Бір оқиға есіме түсіп кетті.

Шамамен 7-сынып оқитын кезім. Әжем қатты ауырып, 10 күнге ауруханаға түсіп еді. Мен атамен ғана қалдым. Бәрі қалада жұмыста, біз ауылда болатынбыз.

Мен әжеме қатты байланып қалған адаммын, мойындаймын. Түн... Мен төсегімді атаның қасына әкеліп, көзім жасаурап ұйықтап қалдым. Сол күні түнде ата байқамай менің аяғымды басып кеткен еді. Мен қатты жылағам, бірақ аяғым ауырғаннан емес, әжемді сағынып... Атам «10 күн ұйықтап тұрсаң келеді» деп жұбатып еді. Дәл сол сезім есіме түсіп кетті. Естеліктің құдыреті осында шығар.