Үзік сыр☔️
659 subscribers
39 photos
9 videos
4 files
2 links
heart to heart (канал авасы админ тұрмысқа шыққанда ауысады, әзірге жаңбырлы☔️)
Download Telegram
Барлығы ниеттен басталады, ниетпен аяқталады.
Біз еркін болуымыз шарт, ессіз емес.
Адамға адам керек. Санадағы жарылыстарды, көңілдегі күрсіністерді ести алатын жан керек. Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Жүрегіңнің үніне жаныңда болмаса да құлақ түре алатын жанды жібереді Алла. Тек сақтап қал, жіберіп алма, жоғалтпа.
«Сезімді өшіретін - салқындық, сатқындық, санасыздық»
«Арқама қанат байлап,
Артыңнан қуып жетер күш таппадым...»
«Жұрт мақтады, ел қоштады» деп көп қыз шалыс басады. Сіз қасыңыздағы құрбыңыздың немесе досыңыздың жеке қарым-қатынаста (отношенияда) қандай екенін білмейсіз. Бәлкім, ол нағыз сараңның өзі шығар, бәлкім, өз қара басын ойлайтын жан шығар. «Бәлкім» дейтін күдік көп. Сондықтан «жақсы жігіт қой, неге жүрмедің?», «керемет қыз ғой, неге алмадың?» деуіңізге хақыңыз жоқ.

Публика үшін жүрегіңізді өзгеге бермеңіз. Достың көңілі, құрбының ақылы үшін көрінгеннің етегінен ұстай кетпеңіз.

«Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған» деген мақалмен өкінішке қарай келісе алмаймын. Мақтаудың махаббатқа қатысы болмасын.
«Сен құндысың, себебі сенің жүрегің Жаратушы үшін Қағбадан да бағалы»
Ажал айтып келмейді дейді ғой. Бірақ... сәттердің қайта келмейтіні одан да ауыр сияқты.
«Әдемі қоштасу да - өнер. Бір-бірін лажысыз ұстағаннан, арты ұрысқа айналып, көріспейтіндей қоштасқаннан түк те өнбейді. Ең әдемісі - бастапқы табысқандай, танымас адамдардай екіге кету»

Динара Б.
Біз қыста жарық күнді сағынамыз. Жазда аппақ қарды аңсаймыз. Сәтпен өмір сүруді ұмытып барамыз. Қанағатсызбыз.
Бір-бірлеріңді жарты жолда тастамаңдар. Бірақ хабарсыз кетіп, қайта оралмаңдар.
Кең әлемде кішкентай сәтсіздіктер үшін қуыстанып, кішірейе беретін мына өзіміз екен. Жаралы жүрекпен алысқа жету қиын. Сондықтан болмашыға бүліне бермей, өзімізді сақтайық.
Өмірлік дұрыс таңдау жасағаныма тағы да көзім жетті.
Мен кішкентай дүниелерге сондай қатты қуанатын едім. Соңғы кезде сол әдемі күлкімді жоғалтып алғандай сезіндім. Ештеңе маған қуаныш сыйламайтындай. Бұл менің ең ерекше тұсым еді ғой. Оны жоғалтудан қорықтым. Ескі суреттерді ақтарып, әдемі жымидым, сағына күлдім.
Адамдардың сізге жақсы қарым-қатынасы арқылы Алла сізге өз мейірімін көрсетіп жатыр.
Менің негізі дорама қарауға кеңес беретіндей тәжірибем жоқ.

Бірақ... "Мерцающий арбуз" дорамасын көріңіздер. Еститін құлақ пен көретін көзді, жүретін аяқ пен қозғалатын қолдың бағасын білесіздер.

«Ән - есту үшін ғана жаратылған дүние емес. Әнді көзбен көруге, жүрекпен сезуге болады. Тіпті, қолдар да әндете алады».

Viva la vida! - Да здравствует жизнь!
Біреу сенің жүрегіңді жаралап,
Біреу сенің жан-жараңды жазады❤️‍🩹

Өмір солай.
Кей адамдар дұға сияқты болады. Көрінбейді, бірақ сезіледі. Естілмейді, бірақ тастамайды сені.
Біз негізі жүректі аямайды екенбіз... Өзгенікін де.
2023 үлкен таңдаулар жасалған жыл боп есте қалды. Жеке өмірде де, жұмыста да дұрыс таңдау жасадым деп ойлаймын.

Көңілімді қалдырып, сағымды сындырғандарды өмірімнен сызып тастадым. Бұл жыл жұртқа жем болмауды үйретті ғой)