Әбу Әли әл-Ханафи әл-Әшғари
1.46K subscribers
366 photos
36 videos
17 files
453 links
Ұстазға сұрақ қою үшін (ТЕК ОРЫСША):
1. Play market-тен ASKfm жүктеп, тіркелесіз.
2. Төмендегі сілтемеге өтесіз:
https://ask.fm/abu_ali_al_ashari?utm_source=copy_link&utm_medium=android

Канал админімен кері байланыс (ҰСТАЗ ЕМЕС):
t.me/abu_xanifa_bot
Download Telegram
СҰРАҚ:
Қазіргі христиандар әһлу китаб па (кітап иелері)?

ЖАУАП:
Ханафи бойынша, иә.
СҰРАҚ:
Аллаһ өзін көретіні матрудилердің де, әшғарилердің де пікірі ме?

ЖАУАП:
Иә.
СҰРАҚ:
Сіз инстаграмда барсыз ба?

ЖАУАП:
Жоқ.
СҰРАҚ:
Намазды тастап, бірақ оның парыз екенін мойындайтын адам пасық, бірақ діннен шықпайды, солай ма?

ЖАУАП:
Иә.
СҰРАҚ:
Уаһабимен шағын пікірталас болды. Ол барлық (төрт мазһаб) имамдардың қателесуі мүмкін екенін және олардың қателеріне еруге рұқсат етілмейтінін айтты. Мен оған күніміздегі ғалымдар олардың қатесін табатындай дәрежеге жетпегенін айттым. Менікі дұрыс па?

ЖАУАП:
Иә.
Ислам тарихшысы Ибн әл-Уәрди (691–749 гг.х.) өзінің «Тарих» (2/330) кітабында жазады:

قال رحمه الله: دخلت وأنا صبي اشتغل على الشيخ محيي الدين النووي فقال لي: أهلا بقاضي القضاة فنظرت فلم أجد عنده أحدا غيري فقال: اجلس يا مدرس الشامية وهذا من جملة كشف الشيخ محيي الدين وابن النقيب حكى هذا بحلب قبل توليته الشامية

«[Шәфиғи мәзһабының фақиһы, қазы Ибн Нәқиб] былай деді: «Мен бала кезімде шейх Мухиидин ән-Нәуәуиге кірдім, ол маған: «Қош келдің жоғары қазы», - деді. Жан-жағыма қарасам, өзімнен басқа ешкімді таппадым. Осыдан кейін ол тағы да: «Отырыңыз, әш-Шәмиә медресесінің ұстазы», – деді.

Бұл шейх Мухидиин ән-Нәуәуидің көрегендігінің бірі (кәшф). Ибн Нәқиб бұл оқиғаны әш-Шәмия медресесінің ұстазы болмай тұрып Хәләб қаласында айтқан».

https://t.me/darulfikr
Ханбали мәзһабының ғұламасы, Ибн Абдул-Уаххабтың замандасы ғұлама ибн Дауд әл-Ханбалидің уаһабилерге қарсы жазған «Ас-Сауағиқ уә ар-Руғуд» [Күркіреу мен найзағай деп аударылады] (66-67 бет) кітабында былай деп жазады:

«Пайғамбар (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Әли ибн Әбу Талибке: «Егер бұл (Зул-Хууайсира – барлық харижилердің арғы атасы) өлтірілсе, онда Алланың дінінде келіспеушілік болмас еді», - деді.

Осыдан-ақ бұл адам барлық зұлымдықтың негізі екені белгілі болады. Ал оған ең жақыны – Мухаммад ибн Абдул-Уаһһаб, өйткені ол соның ұрпағы немесе сол рудан немесе соның қаласынан екені анық.

Пайғамбар (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл өткен хауаридждер туралы емес екенін түсіндірді. Сахлден келген хадисте Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) олардың (хауаридждер) Ирактан келмейтіндігін айтқан.

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оларды [бұрынғы хауаридждерді] «ғибадатта ынталы» [өте көп ғибадат жасайды] деп сипаттаған. Ал кейінгілерді «жастары жас, ақылдары аз» деп сипаттады. Және олар шығыстан пайда болады. Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дұрыс айтты және бұл екі топ хауаридждердің әрқайсысында өздеріне тән сипаттар болды.

Ибн Тәймия шығыс пен батыс туралы хадистерге сілтеме жасай отырып: «Мәдинаның шығысы – Бахрейн (Пайғамбарымыздың қаласынан шығыс жақта орналасқан, екі теңіз деп аударылады) және ол жерден жалған пайғамбар Мусайлима шықты», – деген.

Мусайлиманың шыққан жері – Мухаммад ибн Абдул-Уаһһабтың шыққан жері.

«Фәуәиду әл-Қамуста» жалған пайғамбар Мусайлима шыққан қала қазір Ямамаһ деп аталады деп келген. Олар: «хаджару әл-Иәмәмәһ» дейді. Оны сондай-ақ «Джуу әл-Иәмәмәһ» деп те атайды (осы жерден Мухаммад ибн Абдул-Уаһһаб шыққан) ... ».
قيل لأعرابي: لقد أصبح رغيف الخبز بدينار
فأجاب: والله ما همني ذلك ولو أصبحت حبة القمح بدينار
أنا أعبد الله كما أمرني وهو يرزقني كما وعدني


Бір бәдәуиге: «Бір шелпектің құны бір динарға дейін көтерілді», - деді.

Сонда әлгі бәдәуи былай деп жауап берді: «Аллаһтың атымен ант етемін, тіпті арпаның бір дәні бір динар болса да, маған бәрібір. Мен Оған бұйырғанындай құлшылық етуім керек және Ол маған уәде еткеніндей ризықтандырады».
عن أنس - رضي الله عنه - عن النبي -صلى الله عليه وسلم- قال: ((الأنبياء أحياء في قبورهم يُصلُّون).
أبو يعلى (٦/١٤٧) قال المناوي: حديث صحيح؛ قال البزار في "مسنده" خديث صحيح).
___

Хазіретті Әнәс (Аллаһ одан разы болсын) Пайғамбарымыздан (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Пайғамбарлар қабірлерінде тірі және намаз оқиды” (Әбу Иәғлә, 6/147; имам әл-Мунәуй айтты: хадис сахих; имам әл-Бәззәр өзінің «Муснад» кітабында хадисті сахих деді; Шейхул-Хадис ибн Хаджар әл-Әсқәләни өзінің «Фәтху әл-Бәри» кітабында хадисті сахих деді).
في صحيح مسلم (٢٣٧٥) في حديث الإسراء قال ﷺ: مررت على موسى ليلة أسري بي عند الكثيب الأحمر و هو قائم يصلي في قبره.
____

Сахих Муслимде (2375) Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: “Исра¹ уақытында мен қызыл құмды төбенің қасынан өттім, сол кезде Муса пайғамбар өз қабірінде намаз оқып тұрды” («Сахих» Муслим, 2375).

Исра (түнгі саяхат) – Пайғамбарымыздың (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Харам мешітінен (Меккеден) Ақса мешітіне (Иерусалимге) түннің бір ғана бөлігіне тең келетін тым қысқа уақытта баруы.
في حاشية الطحطاوي (فصل في المكروهات): فلا تكره الصلاة فيها مطلقا ... لأنهم أحياء في قبورهم.
___

«Хашия ат-Тахтауй» кітабында (намаздың мәкруһтері бабында): “(Пайғамбарлардың қабірінде) намаз оқу мәкруһ емес... Өйткені олар өз қабірлерінде тірі”.
قال الإمام القاضي المرداوي الحنبلي في "الإنصاف": "ظاهر كلام الأصحاب: استحباب كثرة زيارة القبور، وهو ظاهر كلام الإمام أحمد قال في رواية أبي طالب وقال له رجل: كيف يرق قلبي؟ قال: ادخل المقبرة، وهو ظاهر الحديث «زوروا القبور فإنها تذكر الآخرة» وقدمه في الفروع، وقال في الرعاية الكبرى: ويكره الإكثار من زيارة الموتى قلت: وهو ضعيف جدا ولم يعرف له سلف". انتهى.
_

Имам, әл-Қадй әл-Мәрдәуй әл-Ханбали «әл-Инсаф» (2/562) кітабында айтты:

«Ханбали мәзһабының ғалымдарының пәтуәсы: “Қабірлерді көп зиярат ету мустахаб және бұл имам Ахмад ибн Ханбалдың сөзі. Әбу Талибтың риуаятында Ахмад ибн Ханбалға бір адам: “Жүрегімізді қалай жұмсартамыз?”, деп сұрағанда, Имам Ахмад: “Қабірстанға бар”, деп жауап берді. Және бұл мына хадистің сыртқы мағынасы: “Қабірлерді зиярат етіңдер, өйткені бұл ақыретті еске түсіреді”. Ибн Қудама әл-Ханбали өзінің «әл-Фуруғ» кітабында: “«Әр-Риғаиә әл-Кубра» кітабында айтты: “Қабірді көп зиярат ету мәкруһ”. Мен айтамын (имам әл-Мәрдәуй): “Бұл өте әлсіз пікір және бұл пікірді өткен ізгілер (сәләфтар) білмейтін”».
وقال أبو علي الغساني: أخبرنا أبو الفتح نصر بن الحسن السكتي السمرقندي، قال: قحط المطر عندنا بسمرقند في بعض الأعوام، فاستسقى الناس مرارا، فلم يسقوا، فأتى رجل صالح معروف بالصلاح إلى قاضي سمرقند فقال له: إني رأيت رأيا أعرضه عليك.
قال: وما هو؟
قال: أرى أن تخرج ويخرج الناس معك إلى قبر الإمام محمد بن إسماعيل البخاري، وقبره بخرتنك، ونستسقي عنده، فعسى الله أن يسقينا.
قال: فقال القاضي: نعم ما رأيت.
فخرج القاضي والناس معه، واستسقى القاضي بالناس، وبكى الناس عند القبر، وتشفعوا بصاحبه، فأرسل الله -تعالى- السماء بماء عظيم غزير أقام الناس من أجله بخرتنك سبعة أيام أو نحوها، لا يستطيع أحد الوصول إلى سمرقند من كثرة المطر وغزارته، وبين خرتنك وسمرقند نحو ثلاثة أميال

سير أعلام النبلاء ١٢/٤٦٩
__

Хафиз әз-Зәһәби өзінің әйгілі «Сияр ә'ләм ән-Нубәлә» (12/469) кітабында жеткізеді:

Әбу Әли әл-Ғассәни айтты: «Бізге Әбу әл-Фәтх Наср ибн әл-Хасан әс-Сәкти әс-Сәмәрқанди жеткізді:

«Самарқандта бірнеше жылдан бері жаңбыр жаумады. Адамдар Алладан қайта-қайта жаңбыр сұрап дұға етті, бірақ жаңбыр болмады. Сол кезде өзінің тақуалығымен танылған бір адам Самарқанд қазысына келіп: «Мен түс көрдім», – деді. Қазы: «Қандай түс?» деп сұрады. Сонда әлгі тақуа адам айта бастады: «Мен адамдардың сізбен бірге имам Мухаммад ибн Исмаил әл-Бухаридің қабіріне барғанын көрдім. Оның (имам Бухаридің) қабірі Хартанкіде (Бухара мен Самарқанд арасында орналасқан ауыл). Біз оның қабірінің жанында жаңбыр сұрап дұға еттік. Бәлкім, Аллаһу Тағала жаңбыр жаудырар». Қазы: «Көрген түсін қандай әдемі», - деді. Кейін қазы халықпен бірге (имам Бухаридің қабіріне) шықты. Олар имам Бухаридің қабірі жанында жылап, жаңбыр сұрап, қабір иесімен шапағат сұрап дұға жасады. Аллаһу Тағала аспаннан молынан жаңбыр жаудырды. Адамдар Хартанкіде шамамен 7 күн болды. Хартанкі мен Самарқандтың арасы үш мильдей болса да қатты жауған жаңбырдан Самарқандқа ешкім жете алмады».
СҰРАҚ:
Дербентте (Дағыстан) жатқан сахабалардың мазарын зират жасағанымда, оларға басыма түскен қиындықтарымды айтып және маған дұға жасауларын сұрадым (истиғаса). Бұл дұрыс па?

ЖАУАП:
Дұрыс.
СҰРАҚ:
Әссәләәму әлəйкум Ұстаз! Шейхтың мазарына барып, дұғада қолын көтергендей екі қолын жайып: «Иә Шейх, мен үшін дұға жасап қойыңыз» деп айтса. Истиғаса деген сол ма?

ЖАУАП:
Уәғалейкумуссәләәм уә рахмәтуллаһи уә бәракәтуһ. Иə, истиғаса деген сол.
СҰРАҚ:
Мазар басына барып, екі қолын жайып, өлген шейхтан дұға сұрау (истиғаса) өөөөте қатты ширкке ұқсайды.

ЖАУАП:
Қанша пайызға?