Әбу Әли әл-Ханафи әл-Әшғари
1.47K subscribers
366 photos
36 videos
17 files
453 links
Ұстазға сұрақ қою үшін (ТЕК ОРЫСША):
1. Play market-тен ASKfm жүктеп, тіркелесіз.
2. Төмендегі сілтемеге өтесіз:
https://ask.fm/abu_ali_al_ashari?utm_source=copy_link&utm_medium=android

Канал админімен кері байланыс (ҰСТАЗ ЕМЕС):
t.me/abu_xanifa_bot
Download Telegram
Имам Раббани (қуддисә сирруһ) өзінің «мактубатында» бір адам түсінде өмірден өткен Сәйдут-Тайфа Джунәйд әл-Бағдади (қуддисә сирруһ) көргендігін жазады. Әулие Джунәйд әл-Бағдади (қуддисә сирруһ) айтты:

طَاحَتِ الْعِبَارَاتُ وَفَنِيَتِ الْاِشَارَاتُ وَمَا نَفَعَنَا اِلاَّ رُكَيْعَاتٌ رَكَعْنَاهَا فِى جَوْفِ اللَّيْلِ

«Ғибарат (білім) кетті, рухани дәреже тоқтады. Түнде тұрып оқыған екі ракағат тәхәджут намазынан басқа еш нәрсе көмектеспеді».

«Мактубат», 1том, 158, 159 бет; хат No:184.
Имамы Ахлю-Сунна валь-Джама’а.
Муфти Ибн Әбидин айтты:

قالوا لو وجد سبعون رواية متفقة على تكفير المؤمن و رواية و لو ضعيفة بعدمه يأخذ المفتي و القاضي بها دون غيرها

«Ғұламалар айтты: «Егер мұсылманның кәпір екеніне 70 риуаят келсе, ал кәпір емес екеніне бір риуаят келсе және ол риуаяттың өзі әлсіз болсадағы, Муфти мен Қади әлсіз риуаят бойынша үкім шығарады (яғни, мұсылман деген пәтуә береді)»».

«Раддул-Мухтар», 1/191
Имам әл-Ғазәли Ұлы сопы Сахл ат-Тустаридің (қуддисә сирруһумә) сөзін келтірді:

احذر صحبة ثلاث من أصناف الناس: الجبابرة الغافلين، والقُرَّاء المداهنين، والمتصوفة الجاهلين.

«Үш түрлі адаммен араласудан сақ бол:
1. Ғафілетте болған тәкәппардан;
2. Жағымпаз ғалымнан;
3. Надан сопыдан».

«Ихя улумуд-дин».
СҰРАҚ:
Егер адам еріншектік себебінен намазды тәрк етсе, онда ғалымдар арасында ол адам кәпір немесе пасық деген ихтиләф бар екені распа? Түсіндіріп жіберсеңіз.

ЖАУАП:
Рас. Имам Ахмадтың бір көзқарасы бойынша, намазды еріншектік себебінен тәрк адам күпірлік жасады (яғни, діннен шығып, кәпір болды).
«Бірақ, іс жүзінде қара абаяға немесе шариғат талаптарына сәйкес келетін басқада киімдерге белсенді түрде қарсы шығатындар, өздері көбінесе мұсылман әйел киюі керек хиджабтан гөрі, әртүсті «попугай» секілді киінеді.

Сондықтан қара абаяға деген дұшпандық - жалпы әйелдердің шариғат киіміне деген дұшпандық. Және олар өздерінің дұшпандықтарын уахабилерге деген дұшпандық ретінде жасырады».

Ұстаз Әбу Әли әл-Ханафи әл-Әшәри.
Шейхул Хадис имам ән-Нәуәуй әш-Шәфи (631-676 жж/х.) айтты:

وَيَحْرُمُ نَظَرُ فَحْلٍ بَالِغٍ إلَى عَوْرَةِ حُرَّةٍ كَبِيرَةٍ أَجْنَبِيَّةٍ وَكَذَا وَجْهُهَا وَكَفَّيْهَا عِنْدَ خَوْفِ فِتْنَةٍ، وَكَذَا عَنْدَ الْأَمْنِ عَلَى الصَّحِيحِ.

«Сахих көзқарас бойынша ересек ер адам бөтен әйелдің әуретіне, сондай-ақ оның беті мен қолына қарауға тыйым салынады. Фитнаға ұшырау қауіпі болсада, болмасада».

«Минһәдж әт-Талибин» ,204 бет.
Әл-Хатыб әш-Ширбини (977 ж. х.өмірден өтті) «Муғни әл-Мухтадж» (4/209) кітабында Имам Нәуәуйдің сөзін ашықтап айтады:

وَوَجَّهَهُ الْإِمَامُ بِاتِّفَاقِ الْمُسْلِمِينَ عَلَى مَنْعِ النِّسَاءِ مِنْ الْخُرُوجِ سَافِرَاتِ الْوُجُوهِ، وَبِأَنَّ النَّظَرَ مَظِنَّةٌ لِلْفِتْنَةِ وَمُحَرِّكٌ لِلشَّهْوَةِ، وَقَدْ قَالَ — تَعَالَى -: {قُلْ لِلْمُؤْمِنِينَ يَغُضُّوا مِنْ أَبْصَارِهِمْ} [النور: ٣٠] [النُّورُ] وَاللَّائِقُ بِمَحَاسِنِ الشَّرِيعَةِ سَدُّ الْبَابِ وَالْإِعْرَاضُ عَنْ تَفَاصِيلِ الْأَحْوَالِ كَالْخَلْوَةِ بِالْأَجْنَبِيَّةِ.

«Имам мұны мұсылман ғалымдарының арасында әйелдің ашық жүзбен шығуына тыйым салынғандығы жөнінде ғалымдар арасында «иттифақ» (бір ауыздан келісім) бар және (бетіне және қолына) қарауда фитна мен нәпсіні қоздыру бар екендігімен түсіндіреді. Өйткені Алла Тағала айтты: «(Уа, Мұхаммед!) Мүмін ерлерге айт: Назарларын түсірсін!» (Нұр сүресі, 30 аят).
Сондықтан шариғат амандығына жету үшін бұл есіктерді жауып, мұндай нәрселерден аулақ болу керек, мысалы, бейтаныс әйелмен жалғыз қалу».
«Иек астындағы аймаққа келетін болсақ, беттің шекарасы ұзындықта - бастың шаш біткен жерден иектің түбіне дейін, ал ені бойынша - құлақ саңылаулары арасындағы аймақ екенін есте ұстаған жөн» [«Марақи әл-Фәләх»].

Муфтий Мухаммад ибн Адам әл-Кәусәри осы сөзді ашықтап жазады:

«Егер беттің шекараларын ескеретін болсақ, иектің ұшынан төмен аймақ бетке кірмейді. Демек әурет болып есептеледі және оны жабу міндет. Алайда, бұл жерді жабу қиынға соғуы мүмкін болғандықтан, егер оның кішкене ғана бөлігі ашылса айып емес».
СҰРАҚ:
ОАР-да оқып болғаннан кейін қай жаққа барып ұстаздық еткіңіз келеді?

ЖАУАП:
Біреуге сабақ беруге маған әлі ерте, сондықтан оқуымды әрі қарай жалғастыруым керек.
СҰРАҚ:
Орамал тағудың хикметі неде екенін түсіндіріп берсеңіз, нақты шашты жабуды. Кейбір адамдар: «Денеміз жабық тұрса сол жеткілікті емеспе, шашымызды несіне жабамыз? Өйткені шаш адамда шахуат оятпайды ғой?» - дейді.

ЖАУАП:
Алла жақсырақ білуші.
СҰРАҚ:
Дінді ұстанбайтын әйелмен ажырасуға болама?

ЖАУАП:
Сіздің жанұяңыз, өзіңіз шешесіз.
Ханафи мәзһабының ғалымы Мулла Әли әл-Қари (қ.1014 х. /1606 м.) өзінің «Әл-Фиқһул-Әкбар» кітабына түсіндірмесінде былай деп жазады:

فيجب على كل أحد معرفة الكفريات أقوى من معرفة الاعتقاديات, فإن الثانية يكفي فيها الإيمان الإجمالي بخلاف الأولى, فإنه يتعين العلم التفصيلي لا سيما في مذهب إمامنا الحنفي. ولذا قيل: الدخولُ في الإسلامِ سَهْلٌ في تحصيلِ المَرامِ, وأما الثَّباتُ على الأحكامِ فصَعْبٌ على جميعِ الأنا ويُشير إليه قوله تعالى: إِنَّ الَّذِينَ قَالُوا رَبُّنَا اللَّهُ ثُمَّ اسْتَقَامُوا

«Әрбір мұсылман ақида мәселесіне қарағанда «ридда» (исламнан шығаратын амалдар) бабын мұқият зерттеуге міндетті. Өйткені бірінші мәселе мен екінші мәселенің айырмашылығы (исламнан не шығаратынын зерттеу), екінші мәселе (ақида) жалпы мағынада білім жеткілікті (ижмали) болады.

Адамды діннен шығаратын нәрселерді егжей-тегжейлі зерттеу - бұл әрбір мұсылманға парыз. Әсіресе, біздің имамның мазһабын ұстанатындарға (Әбу Ханифа). Сондықтан ғалымдар: «Исламды қабылдау оңай, бірақ исламда қалу өте қиын» дейді.

Бұған Аллаһ Тағаланың: «Раббымыз - Алла» дегендер - таухидке сеніп, тура жолға түсу ...» деген дәлел (әл-Фуссилат, 41:30).

Мулла Әли әл-Қари, «Шарху Китабил-Фиқһил-Әкбар, 269 бет. Бейрут: «Дарул-Кутубил-Илмия»: 1426/2007.

Ханафи мәзһабының ғалымы Ибн Әбидин (1238-1307 хижра/ 1823-1889 жж.) «Ад-Дурр әл-Мухтар Шарху Тануирил Абсар» кітабына сілтеме жасап:

وعلمِ الألفاظِ المحرَّمة أو المكفِّرة ، و لَعَمْري هذا مِن أهمِّ المهمّاتِ في هذا الزَّمانِ ؛ لأنك تسمع كثيرا من العوام يتكلمون بما يكفر وهم عنها غافلون, والاحتياط أن يجدد الجاهل إيمانه كل يوم ويجدد نكاح امرأته عند شاهدين في كل شهر مرة أو مرتين, إذ الخطأ وإن لم يصدر من الرجل فهو من النساء كثير

«... Сондай-ақ, адамды ислам дінінен шығаратын мәселелер жөнінде білім алу - парыз (фардул-айн).

Мен өз өміріме ант етемін, бұл мәселе қазіргі уақыттағы ең маңызды мәселе, өйткені біз көптеген аууам (қарапайым адамдар) өздері білмей күпірлік сөздерін айтады деп жиі естиміз.

Сондықтан надан адамдар сақтық үшін күніне имандарын жаңартып және айына бір немесе екі рет екі куәгердің қатысуымен әйелімен никесін жаңартып отыруы керек. Шынында да, ер адам күпір сөзін қателесіп айтпаса да, әйелдер мұндай күпір сөздерді жиі айтады ».

Ибн Әбидин, «Радд әл-Мухтар ала-д-Дурр ал-Мухтар», 1/126. «Дар Аламил Кутуб»: 1423/2003.
«Құран - тура жолдың жарығы; оның міндеті адамдарға тәлім беру және олардың өмірін илаһи даналықтың нұрымен жарықтандыру. Бірақ бұл адамның зеріктіруді жою немесе жолда көңіл көтеру үшін тыңдайтын нәрсе емес. Сондықтан Құран адамның пайдасына немесе оған қарсы дәлел болады, егер Құранға әдеп сақтамаса».

«Бізден емес» кітабынан, Әбу Әли әл-Ханафи әл-Әшари
«Ислам дініңде сәлемдесудің белгілі бір әдебі бар - қол алысып, сәлем сөзін айту. Ал егер сіз алыстан сәлем сөзін айтпастан тек қол көтеру немесе сермеумен шектелетін болсаңыз, имам ән-Нәуәуй атап кеткендей [«Фәйд әл-Қадир», 5/385], онда бұл сүннетке немқұрайлы қарау және сүннетке қайшы келу».

«Бізден емес» кітабынан, Әбу Әли әл-Ханафи Әл-Әшари.
Абдулғафурил Мұхаммедтің (Оған Алланың рақымы болсын) ұлы Хабибуррахман:

«Біздің үйде түнде тахаджуд намазына тұрмау, парыз-намазды орындамауға тең қылмыс ретінде қарастырылды. Менің әкемнің үйіндегі тәрбие осындай болды ... ».
«Имам әл-Ғазалидің әкесі не ғалым, не білім алушылардан болған емес. Бірақ ол ғалымдарды өте жақсы көретін. Қайтыс болар алдын болашақ имам әл-Ғазали мен оның ағасы Ахмадты бір ұстаздың тәрбиесіне беріп, олардың қажетіне және оқытуына ақша қалдырды.

Айтуынша, имамның әкесі ғалымдардың жиналысына баруды жақсы көретін және олардан әрқашан дұға жасауды өтінген. Хақ Тағала әкесінің ғалымдарға деген сүйіспеншілігінің себебінен екі ұлын Исламның ұлы ғалымдары етті.

Егер оалрдың әкесі балаларды «ғалым» ретінде көргісі келетінін айтып, бірақ өзі бар қаражатын бизнеске салып, балаларын оған көмектесуге мәжбүр еткенде, онда ислам тарихында имам әл-Ғазали сияқты керемет ғалым болмас еді».

Әбу Ариф Әли-Хаджи әл-Кикуни
Шейхул Хадис Ибн Хаджар әл-Асқаләни өзінің «Фәтх ул-Бәрри» (12/245) кітабында айтты:

وَمِنَ الْمَعْلُومِ أَنَّ الْعَاقِلَ يَشْتَدُّ عَلَيْهِ أَنَّ الْأَجْنَبِيَّ يَرَى وَجْهَ زَوْجَتِهِ وَابْنَتِهِ وَنَحْوَ ذَلِكَ.

«Бейтаныс ер адам өзінің әйелі, қызы немесе оның туыстарынан болған махрам әйелдердің бетіне қарауы, ақыл-есі дұрыс ер адамға жағымсыз болатыны белгілі».
«Әйелдер сияқты ажырасуға лайықты ер адамдар бар».

Мұндай уақыт бүгін келді: дінді бағаламайтын, бірақ дүниені, лауазымдықты, билік пен ақшаны бағалайтын уақыт.

Имам әл-Ғазали «Ихяда» Имам әш-Шәфидің Иракқа жақын Сибин қаласына билеуші ​​етіп тағайындалған досы болған деп жазады.

Билікке жақындап, бір елдің басшысы болып тағайындалған досына Имам әш-Шәфи мына өлең жолдардын жазады:

«Кет - саған деген махаббат жүрегімнен кетіп қалды,

Мен сенімен ажырасамын.

Егер сен бұрынғы жағдайыңға қайта оралсаң,

Үш ажырасудың екеуі қалады.

Егер сен қайтадан билік басына оралсаң,

Мен саған екінші рет ажырасу беремін,

Ал егер сен үшінші рет қайта оралып,

Содан кейін қайтадан билік басына кетсең,

Және мені ұмытсаң,

Мен саған соңғы ажырасу беремін.

Сонда саған Сибин қаласының билеушісі болғаның көмектеспейді,

Мен үшін сен енді дос болмайсың».


Қараңыз: әйелдер сияқты ажырасуға лайықты ер адамдарда бар.

Әбу Ариф Әли-Хаджи әл-Кикуни (Алла оны сақтасын).