Әбу Әли әл-Ханафи әл-Әшғари
1.46K subscribers
366 photos
36 videos
17 files
453 links
Ұстазға сұрақ қою үшін (ТЕК ОРЫСША):
1. Play market-тен ASKfm жүктеп, тіркелесіз.
2. Төмендегі сілтемеге өтесіз:
https://ask.fm/abu_ali_al_ashari?utm_source=copy_link&utm_medium=android

Канал админімен кері байланыс (ҰСТАЗ ЕМЕС):
t.me/abu_xanifa_bot
Download Telegram
СҰРАҚ:
Егер аяққа су тигізуге болмайтын болса, онда дәретті қалай аламыз?

ЖАУАП:
Егер жууға болмайтын болса, онда мәсіх жасайсыз. Ал егер мәсіх жасауғада болмайтын болса, онда су тигізуге болмайтын жерді жумай/мәсіх тартпай тастап кетесіз.
СҰРАҚ:
Менің туған сіңілім этникалық мұсылман. Білместікпен христианға күйеуге шықты. Енді не істейді?

ЖАУАП:
Христианмен бірге тұруын тоқтату керек.
СҰРАҚ:
Сіз Әли Хаджи Кикунидің шәкірті болғаныңыз распа?

ЖАУАП:
Иә, шәкірті болдым. Және әліде ол кісінің шәкіртімін деп үміт етемін.
СҰРАҚ:
Шииттерге ұстанымым қандай болу керек?

ЖАУАП:
Жақсы болмау керек.
Имам Мәлік айтты:

السنة سفينة نوح، من ركبها نجا ومن تخلَّف عنها غَرِق.

«Сүннет - Нұх Пайғамбардың кемесі секілді. Кімде-кім кемеге мінсе құтылады, мінбегені құрдымға кетеді».

«Тарих мәдинәту-с-Сәләм», 8/309
СҰРАҚ:
«Ағылшын шпионы» деген кітапқа ислам ғалымдарының көзқарасы қалай?

ЖАУАП:
Бұл өтірік кітап.
СҰРАҚ:
Үш жыл бұрын мұсылман сіңіліміз анамнан қарызға 2000$ көлемінде ақша алды. Анам ақшаны доллорлай қайтарасын деп шарт қойды. Ол келісті және үш айдан кейін қатарамын деді. Бірақ ол берген уәдесіне тұрмады, енді қарызды өзіміздің валютамызда қайтарамын дейді, ал бізде девальвация болып жатыр. Біз қарызды доллорлай берсін деп күтіп жүрміз. Біздікі дұрыспа?

ЖАУАП:
Дұрыс.
СҰРАҚ:
Егер Дурбан қаласында сізге бір қарапайым адам келіп: «Маған ақида үйрет» десе, үйретесізбе?

ЖАУАП:
Мен Дурбан қаласында емеспін.
لَوْ خُيرتُ في الدعاءِ لدعوتُ اللهَ الثباتَ على الإسْلام؛ فكلُّ يومٍ تثبتُ فيه على الإسلامِ فهو اليومُ الذي يستجابُ لك فيه الدعاءُ.

«Егер маған (міндетті түрде қабыл болатын) бір дұға тілеуге мүмкіндік берілсе, онда мен Ислам дініңде қалуды сұрар едім: Ислам дініңде өткізген әрбір күн, тілеген дұғанға жауап болатын күн».

Ибн Фурақ, «Әл-Ибәнә», 313 бет.

http://t.me/talibru
Имам Раббани (қуддисә сирруһ) өзінің «мактубатында» бір адам түсінде өмірден өткен Сәйдут-Тайфа Джунәйд әл-Бағдади (қуддисә сирруһ) көргендігін жазады. Әулие Джунәйд әл-Бағдади (қуддисә сирруһ) айтты:

طَاحَتِ الْعِبَارَاتُ وَفَنِيَتِ الْاِشَارَاتُ وَمَا نَفَعَنَا اِلاَّ رُكَيْعَاتٌ رَكَعْنَاهَا فِى جَوْفِ اللَّيْلِ

«Ғибарат (білім) кетті, рухани дәреже тоқтады. Түнде тұрып оқыған екі ракағат тәхәджут намазынан басқа еш нәрсе көмектеспеді».

«Мактубат», 1том, 158, 159 бет; хат No:184.
Имамы Ахлю-Сунна валь-Джама’а.
Муфти Ибн Әбидин айтты:

قالوا لو وجد سبعون رواية متفقة على تكفير المؤمن و رواية و لو ضعيفة بعدمه يأخذ المفتي و القاضي بها دون غيرها

«Ғұламалар айтты: «Егер мұсылманның кәпір екеніне 70 риуаят келсе, ал кәпір емес екеніне бір риуаят келсе және ол риуаяттың өзі әлсіз болсадағы, Муфти мен Қади әлсіз риуаят бойынша үкім шығарады (яғни, мұсылман деген пәтуә береді)»».

«Раддул-Мухтар», 1/191
Имам әл-Ғазәли Ұлы сопы Сахл ат-Тустаридің (қуддисә сирруһумә) сөзін келтірді:

احذر صحبة ثلاث من أصناف الناس: الجبابرة الغافلين، والقُرَّاء المداهنين، والمتصوفة الجاهلين.

«Үш түрлі адаммен араласудан сақ бол:
1. Ғафілетте болған тәкәппардан;
2. Жағымпаз ғалымнан;
3. Надан сопыдан».

«Ихя улумуд-дин».
СҰРАҚ:
Егер адам еріншектік себебінен намазды тәрк етсе, онда ғалымдар арасында ол адам кәпір немесе пасық деген ихтиләф бар екені распа? Түсіндіріп жіберсеңіз.

ЖАУАП:
Рас. Имам Ахмадтың бір көзқарасы бойынша, намазды еріншектік себебінен тәрк адам күпірлік жасады (яғни, діннен шығып, кәпір болды).
«Бірақ, іс жүзінде қара абаяға немесе шариғат талаптарына сәйкес келетін басқада киімдерге белсенді түрде қарсы шығатындар, өздері көбінесе мұсылман әйел киюі керек хиджабтан гөрі, әртүсті «попугай» секілді киінеді.

Сондықтан қара абаяға деген дұшпандық - жалпы әйелдердің шариғат киіміне деген дұшпандық. Және олар өздерінің дұшпандықтарын уахабилерге деген дұшпандық ретінде жасырады».

Ұстаз Әбу Әли әл-Ханафи әл-Әшәри.
Шейхул Хадис имам ән-Нәуәуй әш-Шәфи (631-676 жж/х.) айтты:

وَيَحْرُمُ نَظَرُ فَحْلٍ بَالِغٍ إلَى عَوْرَةِ حُرَّةٍ كَبِيرَةٍ أَجْنَبِيَّةٍ وَكَذَا وَجْهُهَا وَكَفَّيْهَا عِنْدَ خَوْفِ فِتْنَةٍ، وَكَذَا عَنْدَ الْأَمْنِ عَلَى الصَّحِيحِ.

«Сахих көзқарас бойынша ересек ер адам бөтен әйелдің әуретіне, сондай-ақ оның беті мен қолына қарауға тыйым салынады. Фитнаға ұшырау қауіпі болсада, болмасада».

«Минһәдж әт-Талибин» ,204 бет.