Дастан Құрманбаев
21K subscribers
39 photos
8 videos
3 files
10 links
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Download Telegram
Құдай адамдарды жаратқанда тек саусақ іздерін ғана қайталанбайтын қылып жаратқан жоқ! Олардың әрқайсысы — индивид: мінез-құлқы, жүріс-тұрысы барлығы қайталанбайды. Енді олардың барлығын бірдей қылуға тырысу — Құдайдың жазған заңына қарсы шығу болады. Тіпті бір пайғамбардың тәрбиесін алған сахабалардың да тақуалықтары әрқайсысының темпераментіне қарай әрқалай көрініс тапқан.

Мен мұны не үшін айтып отырмын

Соңғы кездері отбасы тақырыбын қозғайтын, отбасы проблемаларын көтеретін коучтер көбейіп кетті. Бірақ олардың барлығы бірдей “өз ісінің маманы” емес. Тіпті кейде өз әйеліне жүргізе алмаған әмірін, өз күйеуіне асыра алмаған қулығын басқаларға ақыл-кеңес қылып айтып отыратын сорлы еркектер мен байғұс әйелдерді кездестіресің. Бірақ сорлы мен байғұсты тыңдап бақытты болғысы келетін жандар да жоқ емес.

Барлық адамды бірдей қылу мүмкін емес болса, барлық отбасын да бірдей қылу мүмкін емес! Әр отбасының өзінің қызығы мен шыжығы болады. “Сендерде неге олай емес?” деп ешбіріне айтуға қақың жоқ. Әрқайсысы өзінше бақытты. “Әйеліңді былай ұста”, “Күйеуіңді былай жұмса” деп ақыл айтып отбасылардың “жеке ұясына” пайғамбар да араласпаған.

📌 Қысқасы “күйеуің саған үйту керек”, “әйелің саған бүйту керек” деген кеңестерді миларыңыздан “удалить” етіп тастаңыздар. Пәленшенің әйелі (күйеуі) істеген нәрсені сенің әйелің (күйеуің) істемейді. Өйткені сен пәленше емессің! Өмірді өз толқыныңда, өз рақатыңмен сүрсейші 😉

#отбасы_тағылымы
Білмейтін адам үндемегенде, өзі де демалар еді, басқаларға да тыныштық берер еді. Қате азайып, дұрыс нәрселер көбейер еді.

Хафиз әл-Миззи (Алла рахымына алсын)

📚 Тахзиб
Ұйықтар алдында “Аятуль Курсиді” оқып жату — сиқыр мен жыннан қорғайды.

#дейді_ғалымдар
Адамды аздыру үшін ең алдымен оны сенімінен айыру керек. Ешнәрсеге, ешкімге сенбейтін адамнан жаманшылық атаулының бәрі де шығады.

Адамды тоздыру үшін үміттен айыру керек. Сенімі семген, үміті үзілген, тауалы қайтқан адамның тілеуі де кесілген. Оның бойында күші де болмайды, оңға басар ісі де болмайды.

(Мұхтасар 1992 жыл, аударған Ә. Жәмішұлы)
Біз – соңғы жетпіс-сексен жыл аралығында адамзат өмірінде сан ғасырлар бойы қалыптасқан сана-сезімнен, наным-сенімнен адалану, мінез-құлық пен іс-әрекет мизанын мансұқтау, мәңгүрттену бағытында тәрбиеленген ұрпақпыз.

Дін бізге басымызды айналдыратын апиын ретінде, озықтық атаулыға бөгет ретінде, ескіліктің қалдығы, кешегінің кесірі ретінде ұғындырылып, оның тәрбиелік тағылымдарынан, рухани тазалықты талап етер шарттарынан ат-тонымызды ала қаштық.

Дінсіздік, құдайсыздық мақтанға айналды. Сөйтіп жүріп өзіміздің құлқымыз бұзылғанын, адал мен арамды айыра алмас кем ақыл, көн жүрек, көрсоқыр бола бастағанымызды білмей қалыппыз.

Әр нәрсенің күнгей және көлеңкелі жағы болатыны сияқты, діннің де рухани дәру болар дәрмені, дүниәуи қару болар қуаты, адамгершілік пен ақиқатқа бастар пәрмені барлығына мән бермедік, көңіл қоймадық, сөйттік те одан бірбеткей безіне бердік.

Бұрынғының бәрін талғаусыз тәрік етіп, жаңаның бәріне талғамсыз тәнті болдық.

(Мұхтасар 1992 жыл, Алғы сөз)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Егер намазым пайда берсін десең, мүмкін осы ең соңғы намазым шығар деп оқы…

Табиғин ғұлама Бәкір әл-Музани

📚
Ибн Әбуд-Дуния
Суфиян ибн Динар деген (табаға табиғин) ғалым айтады (Алла рахымына алсын):

Мен Әзірет Әлінің серігі Баширден:

“Маған бұрынғылардың амалын айтып берші”, — деп сұрадым. Ол:

“Олар аз амал істеп, көп сауап алатын еді”, — деді.

“Неге олай?”, — деп сұрап едім,

“Өйткені олардың пейілдері таза еді ғой!”, — деп жауап берді.

📚 Зуһд
Бақыт

Бір құдірет бізді өмірге жолдайды.
Біз өмірді түсінбейміз,
Сол — қайғы.
Туа сала таудай бақыт күтеміз,
Ал шынында бақыт үлкен болмайды.
Лүпілдеген тамырындай шекенің
Жеке сағат,
Жеке тәулік,
Жеке күн.
Үлгермейміз түсініп те,
Байқап та
Кейбір сәттің нағыз бақыт екенін!
Құс сияқты сезінбейтін қанатын
Бақыт — сәби білмейтұғын әлі атын.
Бақыт! Бақыт — ғажайып бір дәм ғана
Сүйгеннен соң ерініңде қалатын!
Ақындардың көмейінен жыр ақса,
Кейбіреулер сөз бәйгеде жүр ақсап.
Бақыт шіркін асыл болса — бір мысқал,
Бақыт шіркін уақыт болса — бір-ақ сәт!
Мүмкін емес бұл өмірден исіну.
Болу керек ән әдемі,
Күй сұлу.
Бақыт деген бұлтты күні — жадырау —
Бақыт деген жұмыс болса — сүйсіну!
Келтіретін адам болсаң елге мін,
Неге керек босқа өмірге келгенің!
Бақыт егер байлық болса — бергенің,
Керек болса — Отан үшін өлгенің!
Өмір мына лыпып тұрған ұстара.
Өлім келсе,
Қай туысың түсті ара?!
Бар ғұмыры басқа қонған бақыттың
Көбелектің ғұмырынан қысқарақ!
Бір құдірет бізді өмірге жолдайды.
Біз өмірді түсінбейміз,
Сол — қайғы.
Бақыт үлкен болған емес шынында,
Ал қайғының кішкентайы болмайды!

Қадыр Мырза Әлі
Ақылы аздың ашуы көп,
Таяз судың тасуы көп.

Халық даналығы
Арам жолмен бір дирхам алмау — жүз мың дирхам садақа бергеннен жақсы!

Табиғин ғұлама Мәлик ибн Динар (Алла рахымына алсын)

📚 Әл-Мажалис уа Жауаһир әл-Ғилм

📌 Күнәні, харамды тәрк ету де ғибадат және ғибадаттың ең үлкені!
Сиқырды қайтаруға ең жақсы көмектесетін нәрсе ол — пайғамбарымызға ﷺ
Алла Тағаланың Өзі үйреткен нәрсесі, яғни “Фәләқ”, “Нәс” сүрелері.

Тәпсір ғалымы Ибн Касир (Алла рахымына алсын)
Бақытты адам — иманын сақтауға, күшейтуге көмектесетін әйелі бар адам.

Хадис ғалымы Ибн Ражаб (Алла рахымына алсын)
Forwarded from Ержан Бақытжанов (Ержан Бахитжанов)
Расында, нәпсі жамандыққа бұйырушы. Аллаға бойсұнуда ол саған қарсы келсе, сен де оған күнәлі істе қарсы шық!

Хасан әл-Басри ( Алла рахым етсін)
Жұмсақтықтан жұрдай адам — барлық жақсылықтан мақұрым қалады!

📚 Хадис
Forwarded from Olzhas Hanafin (Olzhas Hanafin)
رَبِّ إِنِّى لِمَآ أَنزَلْتَ إِلَىَّ مِنْ خَيْرٍ فَقِيرٌ

«Уа, Раббым! Шүбәсіз, маған берер қандай жақсылығыңа, нендей нығметіңе болса да мұқтажбын!».

«Қасас» сүресі, 24 аят.

©️ Мұса пайғамбардың дұғасы.
Ғалымдарымыз салиқалы жар табу үшін де осы дұға оқылатынын айтқан.

Өйткені келесі аятта былай делінді:

«Содан көп ұзамай қос бойжеткеннің бірі имене келді…». (Қасас 25-аят)

#бойдақтарға