Дастан Құрманбаев
21.1K subscribers
33 photos
8 videos
3 files
3 links
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Download Telegram
Пайғамбарымыз ﷺ: “Үйленіңдер, көбейіңдер! Мен қиямет күні басқа үмбеттердің алдында сендердің көптіктеріңмен мақтанамын”, — деп айтқан. (Әбу Дәуіт)

Ғалымдардың айтуынша, егер үйленудің осыдан басқа, яғни пайғамбарымызды ﷺ қуантудан басқа артықшылығы жоқ болса да, соның өзі де жетер еді.

#отбасы_тағылымы
Арлы, күйеуіне бойсұнғыш әйел — бұл дүниенің жәннаты!

Имам Ибн Абдул-Бар (Алла рахымына алсын)

#отбасы_тағылымы
Имам әл-Ғазали айтады (Алла рахымына алсын):

Әйелді әдемілігіне емес діндарлығына қарап алу керек екені туралы біз келтірген хадистер әдемі әйел алма дегенді білдірмейді — бұзылған әйелді әдемі болса да алма дегенді білдіреді. Әйтпесе Пайғамбарымыздың ﷺ өзі: “Әйелдеріңнің ең жақсысы — күйеуі қарап көркіне мәз болып қалатын, бұйырса бағынып тұратын, бір жаққа кетсе ары мен күйеуінің дүниесін қорғап жүретін әйел”, — деп айтқан.

#отбасы_тағылымы
Ибн Сирин деген табиғин ғұлама айтады (Алла рахымына алсын):

“Сен оның емес, ол сенің қолыңа қарайтын қатын ал”.

#отбасы_тағылымы
Әйеліңе жақсы көретініңді білдіру ұят емес!

Ибн Хажар әл-Асқалани (Алла рахымына алсын)

#отбасы_тағылымы
Үйге кіргеннен кейін әйеліңнен “қалың қалай?” деп сұрау немесе соған ұқсас сөздерді айту — мустахаб (шариғатта сүйкімді іс саналады).

Имам ән-Науауи (Алла рахымына алсын)

#отбасы_тағылымы
Ақылды адам қоғамда қандай “үлкен кісі” болса да, үйінде бала сияқты болуы керек.

Лұқман Хәкім

*Бала сияқты дегені — қарапайым, отбасымен емен-жарқын араласып, күліп-ойнап отыруы дегені ғой. Үйге келгенде кабинетте жиналыс жасап отырған “министр” болмау, қысқасы )

#отбасы_тағылымы
Имам әл-Ғазали айтады (Алла рахымына алсын):

“Құранда “Жұбайларыңмен жақсы қарым-қатынаста болыңдар” деген аят бар. Жақсы қарым-қатынаста болу деген — әйеліңе зиян тигізбеу ғана емес, сонымен қатар оның зиянына шыдау: мінез көрсетіп, ашуланған кезінде көтере білу. Бұл жерде бізге Пайғамбарымыз ﷺ үлгі. Оған да әйелдері сөз қайтарған, күні бойы сөйлеспей қойған кездері болған”.

Қатты кетіп қалдым ба? )) Менің сөзім емес, Ғазалидің сөзі, менің жолым емес, пайғамбардың жолы ) Еркекте сабыр мен ақыл болса бәрі өз орнымен болады. Қорықпаңдар, жігіттер ))

#отбасы_тағылымы
Кейде бір адамның бойындағы мінездер бір-біріне қеріағар болып жатады. Ал енді екі адамның мінезі араласқанда қарама-қайшылық болмауы мүмкін бе? Сол үшін де Құранда: “Біз сендерді бір-біріңе сынақ еттік. Сабыр етесіңдер ме?”, — дейді. (“Фұрқан” сүресі, 20-аят)

#отбасы_тағылымы
Олар (әйелдерің) сендерге киім, сендер оларға киімсіңдер… 2:187

Міне, ерлі-зайыптыларды Құранда дәл осылай суреттейді. Киім! Неге “киім” деп атады? Өйткені, киім — адамның әуретін жабады, айып-нұқсандарын жасырады және ажарын ашады!

Әуретін жабуы — мысалы, екеуіне ғана тиісті әңгімелердің өздерінің арасында қалуы!

Айып-нұқсандарын жасыруы — мысалы, бір-бірінің кемшіліктерін жасыруы, бірін-бірі толықтыруы!

Ажарын ашуы — мысалы, бір-бірінен естіген жақсы сөздерінің, көрген жылы қарым-қатынастарының арқасында бейне бір жаңа киім киген адамдай жарқырап жүруі!

📌 Кемшіліксіз ер де, әйел де болмайды. Бір-біріне “киім” бола алмайтын ерлер мен әйелдер болады!

#отбасы_тағылымы
Құдай адамдарды жаратқанда тек саусақ іздерін ғана қайталанбайтын қылып жаратқан жоқ! Олардың әрқайсысы — индивид: мінез-құлқы, жүріс-тұрысы барлығы қайталанбайды. Енді олардың барлығын бірдей қылуға тырысу — Құдайдың жазған заңына қарсы шығу болады. Тіпті бір пайғамбардың тәрбиесін алған сахабалардың да тақуалықтары әрқайсысының темпераментіне қарай әрқалай көрініс тапқан.

Мен мұны не үшін айтып отырмын

Соңғы кездері отбасы тақырыбын қозғайтын, отбасы проблемаларын көтеретін коучтер көбейіп кетті. Бірақ олардың барлығы бірдей “өз ісінің маманы” емес. Тіпті кейде өз әйеліне жүргізе алмаған әмірін, өз күйеуіне асыра алмаған қулығын басқаларға ақыл-кеңес қылып айтып отыратын сорлы еркектер мен байғұс әйелдерді кездестіресің. Бірақ сорлы мен байғұсты тыңдап бақытты болғысы келетін жандар да жоқ емес.

Барлық адамды бірдей қылу мүмкін емес болса, барлық отбасын да бірдей қылу мүмкін емес! Әр отбасының өзінің қызығы мен шыжығы болады. “Сендерде неге олай емес?” деп ешбіріне айтуға қақың жоқ. Әрқайсысы өзінше бақытты. “Әйеліңді былай ұста”, “Күйеуіңді былай жұмса” деп ақыл айтып отбасылардың “жеке ұясына” пайғамбар да араласпаған.

📌 Қысқасы “күйеуің саған үйту керек”, “әйелің саған бүйту керек” деген кеңестерді миларыңыздан “удалить” етіп тастаңыздар. Пәленшенің әйелі (күйеуі) істеген нәрсені сенің әйелің (күйеуің) істемейді. Өйткені сен пәленше емессің! Өмірді өз толқыныңда, өз рақатыңмен сүрсейші 😉

#отбасы_тағылымы