prostozdrav
199 subscribers
61 photos
3 files
166 links
О здравоохранении профессионально
Денсаулық сақтау жайлы кәсіби талдау
Download Telegram
COVID-19 ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ СТРАТЕГИЯСЫН ҰСЫНАМЫЗ. 1 бөлім. Әдістерді салыстыру

Диагностика саласындағы ірі компаниялардың бірімен бірлесе отырып, әдістерді салыстырдық

1. ПТР. Бағасы 10 000 тг., айтарлықтай күрделі шығындарды талап етеді, ерекшелігі 100%, логистиканы есептемегенде нәтиженің дайын болуы 3,5 сағатты қажет етеді. Бонус - тұмауды дифференциалды диагностикалау мүмкіндігі + вирустық инфекцияларды (АИТВ, гепатит, …) диагностикалау үшін қолдану мүмкіндігі

2. Жедел антигенді тестілеу. 4 000 тг., КАПШЫҒЫНДАР ЖОҚ, сезімталдық 96,5%, нәтиже 15-30 минутта шығады, ЛОГИСТИКАНЫ ҚАЖЕТ ЕТПЕЙДІ

3. Антиденелерді тестілеу. 4 000 тг., елеулі капшығындарды талап етеді, сезімталдығы 99,5%, нәтижесі 18 минутта шығады

-

Барлық әдістерде FDA немесе CE-IVD бар

Көріп отырғанымыздай, осы кезеңнің өзінде-ақ сапа мен қамтуды арттырғанда капиталды және ағымдағы шығындардың азаю әлеуеті байқалады. Әсіресе, антиген нұсқасында логистиканың болмауын атап өткен жөн. Бұл жалған нәтижелердің ықтимал себептері болып табылатын тізбектің бірнеше байланысын бірден жояды

Осы ақпаратты ковидтердің әртүрлі кезеңдеріндегі әдістердің сезімталдығымен салыстыра отырып, біз тестілеудің стратегиясын жасадық, оны ертең ұсынатын боламыз. ҚР ДСМ мұны ұлттық стратегия ретінде қабылдауға кеңес береміз. Бұл адамдардың өмірін сақтауға септігін тигізеді

-

Ақпарат көзі: https://t.me/prostozdrav
НАЦИОНАЛЬНАЯ СТРАТЕГИЯ ТЕСТИРОВАНИЯ COVID-19

На основании информации, представленной на графике, в совокупности со сравнением методов тестирования (представленным вчера), мы разработали следующую стратегию

1. ТЕКУЩИЙ ЭТАП (ДО НАЧАЛА ВТОРОЙ ВОЛНЫ):

1.1. Основные задачи аналитического характера: контроль уровня популяционного иммунитета, предсказание резкого подъёма, принятие решения о введении/снятии карантинных мер, оценка кол-ва нуждающихся в вакцинации, контроль эффективности вакцинации

Рекомендуемый инструмент: Тест на антитела

1.2. Основные задачи практического характера: массовое тестирование (аэропорты, вокзалы, HoReCa, выход на работу; группы риска; контроль на границе)

Рекомендуемый инструмент: Экспресс антиген-тест (за счёт сокращения этапов по сравнению с ПЦР, даёт высокую точность за 15 минут, без капитальных вложений и в 2,5 раза дешевле ПЦР)

-

2. ПИК ВТОРОЙ ВОЛНЫ:

Подэтап 2.1. Выявление
Задача: выявление, особенно в местностях с дефицитом лабораторной инфраструктуры.
Рекомендуемый инструмент: Экспресс антиген-тест

Подэтап 2.2. Диагностика
Задача: дифференциальная диагностика с гриппом.
Рекомендуемый инструмент: ПЦР на автоматизированных системах с контролем контаминации

Подэтап 2.3. Лечение
Задача: определение титра антител плазмы для эффективного лечения, контроль вакцины.
Рекомендуемый инструмент: Количественный тест на антитела

Подэтап 2.4. Выздоровление
Задача: зафиксировать факт выздоровления, определить потребность в вакцине.
Рекомендуемый инструмент: Качественный тест на антитела

-

3. СПАД И ОКОНЧАНИЕ ПАНДЕМИИ:

Основная задача: загрузка лабораторных ПЦР мощностей.

Современные ПЦР системы могут модифицироваться для диагностики других заболеваний (ВИЧ, гепатиты, онко)

-

Рекомендуем Министерству здравоохранения Республики Казахстан принять на вооружение в качестве национальной стратегии. Это спасёт жизни

-

Источник: https://t.me/prostozdrav
COVID-19 ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ СТРАТЕГИЯСЫ

Кестеде ұсынылған ақпарат негізінде (кеше ұсынылған) тестілеу әдістерін салыстырумен қатар, біз келесі стратегияны әзірледік

1. АҒЫМДАҒЫ КЕЗЕҢ (ЕКІНШІ ТОЛҚЫН БАСТАЛҒАНҒА ДЕЙІН):

1.1. Аналитикалық сипаттағы негізгі міндеттер: популяциялық иммунитеттің деңгейін бақылау, күрт көтерілуді болжау, карантиндік шараларды енгізу/алып тастау туралы шешім қабылдау, вакцинацияға мұқтаж адамдардың санын анықтау, вакцинацияның тиімділігін бақылау

Ұсынылатын құрал: антиденелер тесті

1.2. Практикалық сипаттағы негізгі міндеттер: жаппай тестілеу (әуежайлар, вокзалдар, HoReCa, жұмысқа шыққандар; қауіпті топтағылар; шекарадағы бақылау)
Ұсынылатын құрал: Экспресс антиген-тест (ПТР-мен салыстырғандағы кезеңдерді қысқарту есебінен, 15 минут ішінде жоғары дәлдік береді, күрделішығынды қажет етпейді және ПТР-дан 2,5 есе арзан)

-

2. ЕКІНШІ ТОЛҚЫННЫҢ ШАРЫҚТАУ ШЕГІ:

2.1. кіші кезеңі. Анықтау
Міндеті: анықтау, әсіресе зертханалық инфрақұрылым тапшылығы бар жерлерде.
Ұсынылатын құрал: Экспресс антиген тесті

2.2. кіші кезеңі. Диагностика
Міндеті: тұмаумен дифференциалды диагностика.
Ұсынылатын құрал: Контаминацияны бақылайтын автоматтандырылған жүйелердегі ПТР

2.3. кіші кезеңі. Емдеу
Міндеті: тиімді емдеу үшін плазма антиденелерінің титрін анықтау, вакцинаны бақылау.
Ұсынылатын құрал: антиденелердің сандық сынағы

2.4. кіші кезеңі. Сауығу
Міндеті: сауығу фактісін белгілеп алу, вакцинаның қажеттілігін анықтау.
Ұсынылатын құрал: антиденелердің сапалы сынағы

-

3. ПАНДЕМИЯНЫҢ ТӨМЕНДЕУІ ЖӘНЕ АЯҚТАЛУЫ:

Негізгі міндет: зертханалық ПТР қуатын жүктеу

Қазіргі ПТР жүйелері басқа ауруларды (АИТВ, гепатит, онко) диагностикалау үшін модификациялануы мүмкін

-

ҚР ДСМ мұны ұлттық стратегия ретінде қабылдауға кеңес береміз. Бұл адамдардың өмірін сақтауға септігін тигізеді

-

Ақпарат көзі: https://t.me/prostozdrav
По срокам второй волны:

1. Коронавирусы в принципе имеют пиковую активность зимой и ранней весной

2. Отставание Казахстана от РФ и Европы в плане темпов распространения КВИ – временное, как и при первой волне

3. Пик заболеваемости начнётся во второй декаде ноября и продлится до января

4. Коронавирус сам решает когда приходить и когда уходить. Остаётся усиливать ПМСП и укреплять инфраструктуру стационаров

https://qmonitor.kz/society/127

-

Источник: https://t.me/prostozdrav
Екінші толқынның мерзімі бойынша:

1. Коронавирустар, негізінен, қыста және көктемнің басында ең жоғары белсенділікке ие

2. КВИ–ның таралу қарқыны тұрғысынан Қазақстанның РФ-нан және Еуропадан артта қалуы бірінші толқын кезіндегі сияқты уақытша ғана

3. Аурудың шарықтау шегі қарашаның екінші онкүндігінде басталып, қаңтарға дейін жалғасады

4. Коронавирус қашан келіп, қашан кететінін өзі шешеді. Ал бізге тек АМСК-ті күшейтіп, стационарлар инфрақұрылымын нығайту ғана қалады

-

Ақпарат көзі: https://t.me/prostozdrav
Медиков часто обвиняют в ситуации, сложившейся во время первой волны COVID-19. Но один из главных проблемных факторов – неадекватное финансирование клиник:

A. Финансирование медицины начало выравниваться только с июля, после смены руководства МЗ

B. Тарифы на лечение COVID-19 были утверждены лишь 2 апреля текущего года, то 2+ недели спустя после введения режима ЧС.

C. Тарифы не предусматривают капитальные расходы на развертывание коечных мощностей.

D. Тариф базируется на самом примитивном подходе – фиксированной оплате за койко-день пребывания в больнице.

E. Тарифы, отражающие фактические затраты медорганизации на лечение пациента (по КЗГ), только сейчас приближаются к утверждению.

F. Единственный позитивный факт – в июле тариф на лечение КВИ в стационаре был удвоен в расчёте на 1 койко-день.

G. Дополнительное авансирование медорганизаций произведено не было.

H. Рутинное ежегодное авансирование прошло со значительной задержкой в 2 и даже 3 месяца.

I. Одной из грандиозных ошибок стала длительная приостановка плановой госпитализации. Это – утяжеление состояния пациентов, срыв схем медикаментозной терапии + медработники в отпусках без содержания, внутренняя кредиторская задолженность больниц.

J. Требование ПЦР для определения маршрута пациента и ПГГСВ не были обеспечено финансированием.

K. Внятной информации об использовании резервов ФСМС в период ЧС мы до сих пор не имеем, хотя именно эти средства являются целевыми для подобных ситуаций.

-

Требуется:

1. Усовершенствовать механизмы, условия и оперативность использования резервов ФСМС

2. Утвердить особый порядок финансирования медпомощи при ЧС, предусматривающий:

2.1. механизмы переоценки финансовых потребностей;

2.2. механизмы перераспределения ресурсов: процедуры внесения изменений в планы закупа, пересмотра договоров между ФСМС и поставщиками медуслуг, авансирования;

2.3. релевантные методы оплаты за медуслуги. Вплоть до бюджетирования по смете расходов, и оплаты по фактическим расходам. ЧС – на то и ЧС, чтобы в этот период жить по иным правилам, ориентированным не на эффективность и мотивацию, а на выживание системы на всех уровнях, и в первую очередь – гарантии для медработников и ресурсное обеспечение медорганизаций

-

https://forbes.kz/blogs/blogsid_237419

-

Источник: https://t.me/prostozdrav
Оттегімен қамтамасыз ету әкімдердің билігіне берілген және олардың әрқайсысы өзінің түсінігі бойынша технологиялық шешімдерді қабылдайды. Med Invest First жағдайды Үкіметке жеткізу үшін және оңтайлы шешімге қол жеткізу мақсатында аталған мәселеге зерттеу жүргізді

ҚИЫНДЫҚТАР: ауруханалардың көпшілігі оттегі газы бар баллондарды қажет ететін оттегі рампаларымен жабдықталған. Қарапайымдылық - моральдық ескіруді тудырады:
- шектеулі қуат;
- аурухананың баллондарды үздіксіз тасымалдауға тәуелділігі;
- баллондардағы газдың сапасының белгісіз болуы;
- баллондарды кесу кезінде ішінде өсімдіктер (саңырауқұлақтар) табылған жағдайлар тіркелген;
- Палаталар мен операциялық бөлмелерге оттегі тасымалданатын мыс (тотықтырғыш) құбырлар;
- газды қажетті қысыммен жоғары қабаттар мен алыс орындарға жеткізуге мүмкіндік бермейтін ағып кетулер;
- оттегі нүктелерінің санының аз болуы (көбінесе реанимациялық төсектерде ғана);
- температуралық режимді сақтау мәселелері.

-

НЕГІЗГІ ШЕШІМДЕР: оттегі және автономды газ тәрізді сұйықтық негізінде

СҰЙЫҚ ОТТЕГІ ЖАҒДАЙЫНДА алдын-ала жасалатын бірнеше кезеңдер болады:
а. қашықтағы базада сұйытылған газ өндіру,
b. қажетті көлемге мемлекеттік сатып алу жүргізу,
c. ауруханаға дейін тасымалдау және
d. сол жерде арнайы жабдықта газ тәріздес күйге ауыстыру.

АВТОНОМДЫ ГАЗ ТӘРІЗДІ ШЕШІМ аурухана аумағында орналасқан станцияны қоршаған атмосферадан шикізат – ауа алатындықтан, аталған барлық буынды алып тастауға мүмкіндік береді.

ӘРІ ҚАРАЙ жасалатын процесстер бірдей:
e. газ оттегі станциясын ғимаратпен байланыстыратын құбырға түседі;
f. аурухана ғимаратының ішінде – палаталар мен операциялық бөлмелер бойынша ажыратылады;
g. ӨЖЖ аппараттарына оттегі алынады.

Осы кезеңдерде келесі мәселелерді бақылау қажет:

№1 ӨТПЕЛІ МӘСЕЛЕ. Жүйеде газ тапшылығын болдырмау үшін немесе станция әлеуетін толық пайдалану үшін станцияның, құбырлардың және қосылған ӨЖЖ ӨТКІЗУ МҮМКІНДІКТЕРІНІҢ СӘЙКЕСТІГІ;

№2 ӨТПЕЛІ МӘСЕЛЕ. Бір аурухана ішінде ӨЖЖ МОДЕЛЬДЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ, өйткені әртүрлі аппараттардың қуаты әртүрлі болады, бұл газ ағынының теңгерімделуіне (қысымның төмендеуіне) әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар, көптеген шығын материалдары мен сервистік қызметтерді сатып алу қажет.

-

Оңтайлы нұсқаны таңдағанда, тек бағасын ғана емес, сонымен қатар тіршілікті қамтамасыз ету үшін ең бастысы болып табылатын – оттегіні өндіруден бастап өкпеге енгенге дейінгі ПРОЦЕСТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ескеру қажет. Оттекпен қамтамасыз ету мәселесінде барынша мұқият болған Алматы қаласының тәжірибесін егжей-тегжейлі зерделегеннен кейін, мынадай тұжырымдар жасауға болады:

Бірінші. Оттегімен қамтамасыз етудің автономды газ тәрізді нұсқасы логистикалық және әкімшілік кезеңдердің аздығына байланысты ұтымды болып отыр.

Екінші. Жоғарыда сипатталған проблемалық сәттерге және тізбектің тиісті учаскелеріне – техникалық-реттеуші және бақылау аспектілеріне, яғни орталық және жергілікті деңгейдегі қалалық органдарға назар аудару қажет.

Үшінші. Операциялық проблемаларды барынша азайтуға бағытталған ӨЖЖ аппараттарына қатысты жабдықтандырудың бірыңғай саясатын әзірлеген жөн.

Белгілі бір технологияны анықтауда қателік жіберудің өтеуі жоғары. Оттегімен қамтамасыз ету дәл қазір өте маңызды, сонымен бірге бүгінгі күні қабылданған шешімдер ұзақ жылдар бойы негізгі инфрақұрылымдық шешім ретінде денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігіне әсер етеді

-

Сондай-ақ, кейінірек екі технологиялық нұсқаны егжей-тегжейлі салыстыру ұсынылатын болады
Предложения по использованию искусственного интеллекта и телемедицины в здравоохранении

1. Выработать план развития этих направлений, сосредоточившись на самой отработанной группе задач – визуальной диагностике, и исключив непоследовательные проекты, заведомо дискредитирующие вопрос ИИ (например, IBM Watson)

2. Сосредоточиться на ПМСП для демонстрации наглядного вклада в новую модель повестки РК в ВОЗ

3. Заменить аналоговое диагностическое оборудование на цифровое. Уточнения:
3.1. данное требование не является обязательным;
3.2. также, цифровое оборудование имеется в необходимом для старта объёме;
3.3. данный пункт в любом случае будет исполнен в рамках Послания от 01.09.2020;

4. Открыть отечественным проектам возможность пилотирования на обезличенных базах медицинских данных (на уровнях НИИ/НЦ, городских медицинских организаций). Глобальные зарубежные компании будут диктовать свои условия, при этом отечественные проекты успешно конкурируют на технологическом уровне

5. Создать среду для акселерации и боевой реализации проектов (разработать процедуры отбора проектов, критерии эффективности)

6. Разработать нормативную базу и закрепить законодательно использование ИИ (сейчас ИИ и телемедицина в РК работают по принципу «что не запрещено, то разрешено». При этом, в РФ вот уже более 3 лет действует Закон о телемедицине, а в марте в Госдуму внесен законопроект, разрешающий дистанционную постановку диагноза и даже назначение лечения)

7. Согласовать новые подходы со стейкхолдерами отрасли (в первую очередь важно обеспечить вовлечение ФСМС для гарантированного решения вопросов оплаты)

8. Совершить поэтапный переход от рекомендательной формулировки «ФСМС рекомендует поставщикам медпомощи заключать договора субподряда» к обязательной: «допускается расшифровка лишь силами ИИ»

Высвободившиеся трудовые ресурсы направить на решение более интеллектуальных клинических задач

-

Источник: https://t.me/prostozdrav
Есть риск, что страна вновь окажется на грани выживания из-за вопроса кислорода. Сравнение вариантов от Med Invest First. Вниманию Правительства

Существует 2 решения: использование жидкого кислорода и автономные станции, перерабатывающие воздух из окружающей атмосферы. Сравним:

КАЧЕСТВО. Концентрация газа при обоих вариантах – > 90%. Это позитивное отличие от устаревших баллонно-рамповых решений, где концентрация может оставаться на уровне 85%

СТОИМОСТЬ. Медицинская инфраструктура всегда имеет три компонента стоимости: капитальные затраты (в нашем случае – на строительство кислородной станции), текущие (себестоимость 1 литра газа) и расходы на обслуживание

Капитальные затраты на запуск жидкого кислорода на начальном этапе немного ниже. Однако надо учитывать то, что 1 литр газа в атмосферном варианте может быть втрое дешевле. Поэтому примерно через полтора года атмосферный кислород начинает приносить значительную экономию и в конечном счете многократно окупается. В случае неполной загрузки срок сравнительной окупаемости может отодвинуться на год-два, но в конечном счете, с учетом 10-летнего срока службы станций, газообразное решение существенно выгоднее

В части сервиса достаточно сказать, что если в атмосферном газообразном варианте сервис может осуществляться отечественными специалистами, то для обслуживания станции жидкого кислорода, скорее всего, будет прилетать абстрактный "специалист из Москвы", а это деньги, время и определенная зависимость

БЕСПЕРЕБОЙНОСТЬ ПРОЦЕССА. В решении на основе жидкого кислорода есть ряд "дополнительных" этапов. Необходимо произвести сжиженный газ на заводе-изготовителе, провести государственные закупки (более месяца драгоценного времени), обеспечить безопасную логистику огнеопасного от завода до больницы и уже на месте перевести из жидкого в газообразное состояние. Кроме того, судя по поисковой выдаче, в Казахстане всего один завод производит медицинский жидкий кислород. Все это несет существенные риски для непрерывности процесса, а именно непрерывность и есть главный аргумент с точки зрения медицины

Что касается автономного решения, то оно исключает все перечисленные звенья, ведь станция получает воздух прямо из окружающей атмосферы и затем перерабатывает его

-

Исходя из этих фактов можно сделать вывод, что в сегодняшнем контексте ПРЕДПОЧТИТЕЛЕН АВТОНОМНЫЙ ГАЗООБРАЗНЫЙ ВАРИАНТ. Это подтверждает и опыт ряда медицинских объектов Алматы – города, наиболее успешно подошедшего к вопросу

-

Госорганы всех уровней, в частности правительство, должны принять осознанное решение, основанное на мнении пользователей продукта (больниц) и технических специалистов, ведь заблуждение по незнанию в сегодняшней ситуации недопустимо. С учетом уже фактически начавшейся второй волны и сроков реализации проектов по установке систем медицинского газоснабжения времени для размышлений уже нет

-

Наша вторая статья на Тенгри на эту тему: https://tengrinews.kz/money/kak-obespechit-stranu-kislorodom-i-spasti-jizni-420455/
Оттегі мәселесіне байланысты елімізде тағы да өмір сүру үшін күресу жағдайы туындайды деген қауіп бар. Med Invest First нұсқаларды салыстырды. Үкімет Назарына

2 шешім бар: сұйық оттегін пайдалану және қоршаған атмосферадан ауаны өңдейтін автономды станциялар. Салыстырып көрейік:

САПАСЫ. Екі нұсқада да газдың концентрациясы > 90% құрайды. Бұл концентрациясы 85% деңгейінде болатын ескірген баллондық-пандус шешімдеріне қарағанада оңтайлы шешім.

БАҒАСЫ. Медициналық инфрақұрылым әрқашан бағаның үш компонентіне байланысты: күрделі шығындар (біздің жағдайда – оттегі станциясының құрылысына), ағымдағы (1 литр газдың құны) және қызмет көрсету шығындары

Сұйық оттегін іске қосудың күрделі шығыны бастапқы кезеңде сәл төменірек болады. Алайда, атмосфералық нұсқадағы 1 литр газдың құны үш есе арзан болуы мүмкін екенін ескеру қажет. Сондықтан, шамамен бір жарым жылдан кейін атмосфералық оттегі айтарлықтай үнемдеуге көшеді және сайып келгенде өзін бірнеше рет ақтап алады. Толық жүктелмеген жағдайда, салыстырмалы өтелу мерзімі бір-екі жылға созылуы мүмкін, бірақ сайып келгенде, станциялардың 10 жылдық қызмет ету мерзімін ескере отырып, газ тәрізді шешім әлдеқайда тиімді болады.

Қызмет көрсету тұрғысынан қарасақ, егер атмосфералық газ тәрізді нұсқада қызметті отандық мамандар жүзеге асыра алатын болса, сұйық оттегі станциясына қызмет көрсету үшін абстрактілі түрде «маманды Мәскеуден» жалдауымыз мүмкін, бұл ақша, уақыт және белгілі бір тәуелділікке әкеледі

ПРОЦЕСТІҢ ҮЗДІКСІЗДІГІ. Сұйық оттегі негізіндегі шешімде бірқатар «қосымша» кезеңдер бар. Сұйытылған газды дайындаушы зауытта жасау қажет, мемлекеттік сатып алуды жүргізу (құнды уақытымыздың бір айынан астамын алады), зауыттан ауруханаға дейін отқа қауіпсіз логистиканы қамтамасыз ету және жеткізілген жерде сұйықтан газ тәріздес күйге ауыстыру қажет. Сонымен қатар, іздеп табылған мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда бір ғана зауыт медициналық сұйық оттегі өндіреді. Мұның бәрі процестің үздіксіздігі үшін айтарлықтай қауіп-қатерге ие, атап айтқанда дәл осы үздіксіздік медицина тұрғысынан негізгі аргумент болып табылады

Автономды шешімге келетін болсақ, онда аталған кезеңдердің барлығы қажет емес, өйткені станция ауаны тікелей қоршаған атмосферадан алады, содан кейін оны өңдейді

-

Осы фактілерге сүйене отырып, бүгінгі контексте АВТОНОМДЫ ГАЗ ТӘРІЗДІ НҰСҚА ҚОЛАЙЛЫ деп қорытынды жасауға болады. Бұны осы мәселеге барынша ұтымды қараған Алматы қаласының бірқатар медициналық нысандарының тәжірибесін де растайды

-

Барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар, атап айтқанда, Үкімет өнімді пайдаланушылардың (ауруханалардың) және техникалық мамандардың пікіріне негізделген саналы шешім қабылдауы тиіс, себебі қазіргі жағдайда білместіктен қате жіберуге жол жоқ. Іс жүзінде басталған екінші толқын мен медициналық газбен жабдықтау жүйелерін орнату бойынша жобаларды іске асыру мерзімдерін ескересек, ойлануға уақыт жоқ

-

Ақпарат көзі: https://t.me/prostozdrav
Новый подход к реформированию здравоохранения от Med Invest First. Вниманию медицинской общественности, Правительства и вышестоящих

Каждый шаг может быть переформулирован в виде конкретных поручений

Первое. Процесс реформирования должен быть начат с оценки и сценарного прогнозирования потребности населения в медицинских услугах. В основе этого направления – ресурсы медицинской науки (включая эпидемиологию)

Сейчас потребность оценивается фрагментарно, эпизодически; систематичное эпидемиологическое прогнозирование находится на начальном этапе становления (ответственные – РГП НЦОЗ, РЦРЗ, НИИ и НЦ). Как следствие, процессы планирования объёмов медицинской помощи и бюджетирования испытывают дефицит входных данных

-

Второе. На базе оценки потребности следует разработать план удовлетворения потребности, т.е. план развития медицинской практики и мер общественного здравоохранения (включающий также профилактические вопросы и фармацевтическую составляющую). План должен базироваться на оценке воздействия мер общественного здравоохранения и на оценке технологий здравоохранения, отвечать на вопрос «Какие меры и медуслуги, какого качества, каким группам населения, когда и в каких объёмах понадобятся?» и охватывать вопросы ПМСП, села, диагностики, онкологии и прочие

На этом этапе естественным путём сложатся прогнозные и целевые показатели здоровья населения

Сейчас такой план отсутствует. Целевые показатели устанавливаются «на глаз»

-

Третье. Для определения подходов к реализации плана развития медицинской практики следует утвердить тарифную, кадровую и лекарственную политику

Сейчас указанные политики не утверждены

-

Четвертое. План развития медицинской практики и мер общественного здравоохранения должен быть обеспечен ресурсами на основе долгосрочных планов повышения квалификации и развития инфраструктуры (10-летние планы на уровне МЗ РК и 5-летние на уровне региональных УЗ)

Сейчас существует лишь изолированный Единый перспективный план развития сети организации здравоохранения; планы медицинской инфраструктуры и оборудования – формально 3-х летние, фактически – 1-летние; планы повышения квалификации – 1-летние

-

Пятое. Долгосрочные планы повышения квалификации и развития инфраструктуры необходимо закрепить и детализировать в Программах развития территорий. ПРТ должны стать центральным связующим звеном бюджетирования и развития

Сейчас ПРТ – «пустые», что и является причиной пробуксовки реализации Государственных программ (ГПРЗ) на местах. ПРТ должны стать самыми детальными документами системы госпланирования. Центру необходимо установить связь с регионами

-

Шестое. Далее требуется выработать 10-5-летние планы развития ГЧП, как инструменты реализации генеральной линии (пункты 2-5) с привлечением частного капитала, в том числе в части отечественных фармпроизводств

Основными требованиями к планам развития ГЧП должны стать сохранение управляемости медицинской помощи по региону и последовательное использование форматов: от оснащения через доверительное управление к завершающей форме – приватизации (в случае успеха)

Проекты ГЧП с международным участием должны приоритетно ориентироваться не на инфраструктурную составляющую (по умолчанию), а на передачу медико-технологических решений (реализация пункта 2)

Сейчас ГЧП не планируется, последовательность форматов нарушена (приватизация идёт без предисловий), международные проекты сосредоточены на инфраструктуре

-

Седьмое. Наконец, в реализацию ГПРЗ и ПРТ следует разработать и реализовать Национальные и Региональные проекты и портфели проектов. Такой подход предложен Med Invest First для здравоохранения г. Алматы в мае 2020 г.

Национальные и Региональные проекты и портфели проектов должны предлагать инструменты реализации пунктов 2-5: клинические стандарты, программы управления заболеваниями, права медработников, уровень заработных плат и методы финансирования, цифровизация, телемедицина и использование ИИ, аккредитация, проекты в сфере общественного здравоохранения и прочие подсектора

При планировании проектов возникнут процессные индикаторы

-
Это – база, которая позволит перейти от операционных мероприятий к системному реформированию здравоохранения

-

Ақпарат көзі: https://t.me/prostozdrav
Med Invest First-тен денсаулық сақтауды реформалаудың жаңа тәсілі. Медициналық қоғамдастықтың, Үкіметтің және жоғары тұрған органдардың назарына

Әрбір қадам нақты тапсырмалар түрінде қайта құрылуы мүмкін

Біріншіден. Реформалау процесі халықтың медициналық қызметтерге деген қажеттілігін бағалаудан және сценарийлік болжаудан басталуы тиіс. Бұл бағыттың негізі - медицина ғылымының ресурстары (эпидемиологияны қоса алғанда)

Қазіргі уақытта қажеттілік фрагменттік және эпизодтық түрде бағаланады; жүйелі эпидемиологиялық болжау қалыптасудың бастапқы кезеңінде тұр (жауаптылар - ҚДСҰО РМК, ДСДРО, ҒЗИ және ҒО). Нәтижесінде, медициналық көмек көлемін жоспарлау және бюджеттеу процестері кіріс деректерінің тапшылығын бастан кешуде

-

Екіншіден. Қажеттілікті бағалау негізінде қажеттілікті қанағаттандыру жоспарын, яғни медициналық практиканы дамыту жоспарын және қоғамдық денсаулық сақтау шараларын (профилактикалық мәселелер мен фармацевтикалық құрамдауышты қоса алғанда) әзірлеу қажет. Жоспар қоғамдық денсаулық сақтау шараларының әсерін бағалауға және денсаулық сақтау технологияларын бағалауға негізделіп, «Қандай шаралар мен медициналық қызметтер, қандай сапа, халықтың қандай топтарына, қашан және қандай көлемде қажет болады?» сұрақтарына жауап беруі тиіс және АМСК, ауыл, диагностика, онкология және басқа да мәселелерді қамтуы тиіс

Бұл кезеңде халық денсаулығының болжамды және нысаналы көрсеткіштері табиғи жолмен қалыптасады

Қазір мұндай жоспар жоқ. Мақсатты көрсеткіштер «көз мөлшерімен» ғана жасалады

-

Үшіншіден. Медициналық практиканы дамыту жоспарын іске асыру тәсілдерін айқындау үшін тарифтік, кадрлық және дәрілік саясатты бекіту қажет

Қазіргі уақытта аталған саясат бекітілмеген

-

Төртіншіден. Медициналық практиканы және қоғамдық денсаулық сақтау шараларын дамыту жоспары біліктілікті арттырудың және инфрақұрылымды дамытудың ұзақ мерзімді жоспарлары (ҚР ДСМ деңгейіндегі 10 жылдық және өңірлік ДСБ деңгейіндегі 5 жылдық жоспарлар) негізінде ресурстармен қамтамасыз етілуі тиіс

Қазір тек денсаулық сақтау ұйымдары желісін дамытудың оқшауланған бірыңғай перспективалық жоспары ғана бар; медициналық инфрақұрылым мен жабдықтардың жоспарлары – формальды түрде 3 жылдық, іс жүзінде - 1 жылдық; біліктілікті арттыру жоспарлары - 1 жылдық

-

Бесінші. Біліктілікті арттыру мен инфрақұрылымды дамытудың ұзақ мерзімді жоспарларын аумақтарды дамыту бағдарламаларында бекіту және нақтылау қажет. АДБ бюджеттеу мен дамудың орталық байланыстырушы буын болуы тиіс

Қазір АДБ – «бос», бұл жергілікті жерлерде мемлекеттік бағдарламаларды (ДСДМБ) іске асырудың кідіруіне себеп болып жатыр. АДБ мемлекеттік жоспарлау жүйесінің ең егжей-тегжейлі құжаттары болуы тиіс. Орталық өңірлермен байланыс орнатуы керек

-

Алтыншы. Бұдан әрі жеке капиталды, оның ішінде отандық фармацевтикалық өндірістер бөлігінде тарта отырып, бас желіні (2-5-тармақтар) іске асыру құралы ретінде МЖӘ-ні дамытудың 10-5 жылдық жоспарларын әзірлеу талап етіледі

МЖӘ-ні дамыту жоспарларына қойылатын негізгі талаптар өңір бойынша медициналық көмектің басқарылуын сақтау және мынадай форматтарды дәйекті пайдалану болуы тиіс: сенімгерлік басқару арқылы жабдықтаудан бастап соңғы нысанға-жекешелендіруге (табысты болған жағдайда)

Халықаралық қатынастардың қатысумен МЖӘ жобалары инфрақұрылымдық құрамдас бөлікке (әдепкі бойынша) емес, медициналық-технологиялық шешімдерді беруге (2-тармақты іске асыру) басымдықпен бағдарлануы тиіс

Қазір МЖӘ жоспарланбайды, форматтардың бірізділігі бұзылған (жекешелендіру алғы сөздерсіз жүріп жатыр), халықаралық жобалар инфрақұрылымға көзделген

-

Жетінші. Осылайша, ДСДМБ және АДБ-ны іске асыру үшін Ұлттық және Өңірлік жобалар мен жобалар портфелін әзірлеп, іске асыру керек. Мұндай тәсілді Med Invest First 2020 жылдың мамыр айында Алматы қаласының денсаулық сақтау саласы үшін ұсынған болатын
Ұлттық және Өңірлік жобалар мен жобалар портфельдері 2-5-тармақтарды іске асыру құралдарын ұсынуы тиіс: клиникалық стандарттар, ауруларды басқару бағдарламалары, медицина қызметкерлерінің құқықтары, жалақы деңгейі және қаржыландыру әдістері, цифрландыру, телемедицина және АИ пайдалану, аккредиттеу, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жобалар және өзге де кіші секторлар

Жобаларды жоспарлау кезінде процесстік индикаторлар пайда болады

-

Бұл - операциялық іс-шаралардан денсаулық сақтауды жүйелі реформалауға көшуге мүмкіндік беретін база

-

Ақпарат көзі: https://t.me/prostozdrav