Сағат
651 subscribers
321 photos
138 videos
18 files
87 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
Павловтың «Я – невежда», Лениннің «Мен білетінімді ғана білемін, білмейтінім ұшан-теңіз» дегенін бұрын да түсінетін едім. Бірақ жай қарапайымдылықпен айтыла салған сөз деп ойлайтынмын. Қазір анық түсіндім. Бұл жерге қарапайымдылықтың еш қатысы жоқ екен. Шынында да аз оқитын адам баяғыда көз жүгірткен бірдеңелеріне малданып, «мен білемін» деп өзін өзі алдап жүреді. Ал, күнде оқитын адам «Ойпырм-ай, мен мұны осы уақытқа дейін қалай білмей келгенмін» деп қапалану арқылы білімге тоймайды.
Кеше бір кітапты оқып отырсам, жер бетіндегі бір адамға 200 миллион жәндіктен келеді екен! 7,2 миллиард адам х 200 миллион жәндік! Осы сұмдықты кешеге дейін білмей келгеніме таң қалдым. Шынында да ештеңе білмейтін сияқтымын.

📚 Оңашадағы онлайн ойлар
Шархан Қазығұл
Ғұмырыңды сез!

Өмірінің қанша бөлігі өтіп кеткені кез келген адамға қызық шығар.

Шығарып алып бояп көріңіз.

Өмірдің қысқа екені, сіз ойлағаннан да жылдам екенін сезініп көріңіз.

Бұл жерде 90 жыл.

Ал оған көп адам жете бермейді.

Өмірімнің қалған бөлігін "қалай өткіземіз" деген жоспарға пайдалансаңыз да болады.

Жалпы пайдалы трекер.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Көзіңіз жолыққан кез-келген ақпаратқа сене бермеңіз. Себебі кейбірі жеңіл қабылданса, кейбірі көзқарасты өзгертуге итермелеуі мүмкін.

Ақпаратқа сыни көзбен қарап дағдыланыңыз.

Теріс ақпаратқа болса, дұрыс жағын іздеп және тигізуі мүмкін пайдасын, оң болса соңында әкелуі мүмкін зиянын іздеп көрген жөн.
“Уа, Раббым! Өз кеңшілігіңмен тура жолға салған жүрегімізді қайта адасудан сақта. Жамандықтарды бізден кетіріп, алыстата гөр”.

(Мәуләна)

#Бүгінгідұға
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Кішкентай адамның құпиялары

Өте кішкентай адам.

Міне, адам эмбрионы дамудың ерте сатысында. Оның ақырында сәби болатынын елестету қиын.

Тануға болатын жалғыз дүние - жүрек. Осы кезеңде де ол, бәрімізге белгілі органға қатты ұқсайды

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
“Уа, Аллаһ тағалам! Исламды қауіп-қатерден ұзақ қыл. Исламды қорлағысы келгендерге мұрсат берме һәм Исламға үстемдік бер”.

#Бүгінгідұға
Таразы..

Базарға барып жүріп талай мәрте байқаған боларсыз... Маған бір келі ет өлшеп жіберіңіз дейсіз өзіңізге ұнаған майлы жамбасты не бел омыртқаны нұсқап. Сатушы сіз нұсқаған етті сылқ еткізіп таразыға тастай салды. Таразының тілдері ары-бері теңселіп біраз уақыт өз-өзіне келе алмай тұрады, дәл болу, әділ болу оңай дейсіз бе?

Қадыр Мырза Әлі.
Әлемдегі ең керемет кинозал — ми. Бірақ сен оны тек кітап оқығанда ғана түсінесің.

Скотт Ридли


Кітаптың миға пайдасы өте көп.

Кітап оқығанда адам оқиға орнын, кейіпкер, салыстыруларды үнемі елестетіп отырады. Тиісінше мида үлкен жұмыстар жүріп, оның қабілеттерінің ашылуына үлкен пайда береді.

Ал видео, не кино арқылы адам ол секілді пайда алмайды. Себебі барлығы дайын. Әрі айқын.

#IQ
Бұлтты күндерде адамдардың көпшілігі күйзеліске түсіп, энергияны жоғалтады.

Бұл денеде күн сәулесінің әсерінен белсендірілетін серотонинді немесе «бақыт гормонын» шығармайтындығына байланысты.

#Біліпжүр
“Уа, Раббым! Иманымды, білімімді, түсінік-пайымымды һәм білімімді арттыр”.

(Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а))

#Бүгінгідұға

Жұма мүбәрәк болсын!
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сағаттағы дүние - Исламда ертеден бар. Ақыл ой, денсаулық, жан байлығы, мінез.

Біз үшін ең асыл тұлға, барлық жағынан еліктеуге лайықты тұлға - ол Пайғамбарымыз ( ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын.)

Оның мінезін Алла Құранда өзі мақтаған:

Шүбәсіз, сен теңдесі жоқ ұлы көркем мінез-құлыққа иесің.

68:4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Біз еліктеу керек кемел жүрек иесі осы кісі

Бұл кісінің соңынан ілесуде адасып кетуден Алла мені және сіздерді сақтасын. Амин.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ми шаршайды ма?

Ия, тек оған басқа себеп бар. Ол дене секілді шаршамайды. Себебі, ми бұлшық ет емес.

Бұл мәселені түсіну үшін кейбір мәліметтерді түсіну керек👇🏻

Ми «энергия молекуласы» АТФ (аденозинтрифосфат) арқылы берілетін энергия есебінен жұмыс жасайды. Ол тек глюкозадан келеді.

Зияткерлік жұмыс кезінде ми АТФ-ты белсенді түрде жұмсайды және белгілі бір уақытта бұл заттың жеткізілуі азаяды.

Бірақ психикалық шаршау физикалық күш азайғаннан емес.
Ол зейінді жинақтай алмаудан, ⬅️соның кесірінен интеллектуалдық тапсырманы орындай алмайды.
Осы себепті ол шаршайды.

Ал зейінді тұрақсыз етуге сіздің қолыңыздағы әлеуметтік желі қазір "жақсы жұмыс" жасап жатыр.

#IQ
Клиповое мышление( зейін тұрақсыздығы) жайлы не білесіз?

⬇️
“Уа, Раббым! Бізді жаман мінездерден қорға. Әрбір ісімізді шын көңіл, терең ықыласпен жасауды нәсіп еткейсің”.

#Бүгінгідұға
Теңіз тағамдарын қолданып тұрыңыз

Жазда, күн астында біздің ағзамыз D витаминін өздігінен синтездейді.

Бірақ қыста біз сүйекке, қан тамырға және бүйрекке арналған ең маңызды витаминді тамақ арқылы аламыз. Ал олар теңіз өнімдерінде молынан кездеседі.

#PQ
“Раббым! Мен патша болсам да, батыр болсам да, Өзіңнің алдыңда пана іздеген бір мүсәпірмін. Қаншалықты көп болса да, амалдарымнан ешбір пайда жоқ. Тек Өзіңнің кеңшілігің болмаса”.

(Ғазнали Махмуд)

#Бүгінгідұға
Forwarded from Қасым
Өмірінен мән жоғалтқан, депрессиядағы адамдарға осы бір дофаминді шектеу керек. Ол үшін Детокс дофаминаны қолданып, әр сәттен ләззат алатын, ми рецопторларының қарапайым өмірдің өзін керемет көретін сезімтал деңгейге қайта түсіру керек.
Оятқышты дұрыс қолдану әдісі

Дыбыс не сигнал естігенде, не істесеңіз де, міндетті түрде миыңыз бірден оған назар аударады.

Енді⬇️

Жұмыс күні ішінде бес-алты уақытқа телефонға оятқыш орнатыңыз.

Дабыл соққан сайын не істеп жатқаныңызға және өзіңізді қалай сезінетініңізге назар аударыңыз.

Егер сіз 10 уақыттың 9-ында маңызды емес немесе нәтижесіз нәрсемен айналысып жатқан болсаңыз, онда сіз " өзіңізді елітіп әкететін, алаңдататын дүниелерді" нашар басқарасыз.

Бұл әдіс жоғары өнімділік үшін және уақытты дұрыс басқаруға көмек береді.

#Біліпжүр
Жер жүзінде ұялмайтын адам жоқ. Бірақ білімі, тәрбиесі, мінезіне қарай әр адамның ұялуы да әр түрлі болады. Мысалы, білімсіз адам айылын жимайтын істен білімді адам ұялып өліп қалады. Жұмсақ мінезді адам ұялшақ келеді. Ұялу оңай нәрсе емес. Адамға ұялудан күшті жаза жоқ. "Өлімнен ұят күшті" дейді қазақ. Қазақтың бұрынғы күнде нашар іс істеген адамдарға істеген жазаларының көбі ұялту болған. Мысалы, қазақтар әйелді қара өгізге теріс мінгізіп, бетіне күйе жағып, үстіне құрым жауып ауылды айналдырады екен. Әрбір елдің заңыңда ұялтуға негізделген жаза нағыз қатты жаза деп саналады.

Мағжан Жұмабаев "Педагогика"

@kitapuzindisi