Шұғаның белгісі🤍
232 subscribers
28 photos
94 videos
7 files
Бұл жерде жұмыстарымның жартысы🥰
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сен біреуді күтіп жүрсің...
Күтіп жүрсің таусылардай тағатың
Бір адамды саған қамқор болатын.
Мұңайғанда әзіл айтып көңіліңді табатын,
Көз жасыңды сүртіп сені жұбата да алатын.
Жүрегіңнің сөнген отын жағатын,
Өмірдегі бар қиындық атаулыдан тығылып,
"Құшағына еніп кетсем" деп асығып баратын!

Ынтықтығың артты ма әлі өміріңде жоқ жанға,
Қол ұстасқан ғашықтарды көрген кезде бақтарда?
Құрбыларың шет-шетінен ұзатылып жатқанда,
Жалғыздықтан шаршап мұңға батқанда?
Елеңдейсің телефонға келіп түскен xаттарға,
Келер дейсің сен күткен жан бір күні,
"Сенем!" дейсің сеніміңе селкеу түскен шақтарда.

Сүйгеніңді жолықтыршы, жүрегіңе гүл бітіп,
"Жалғыздық тек Жаратқанға жарасады" деуші еді...
Әй, жігітім!
Мына жақта сені біреу жүр күтіп,
Таныстырып қояйыншы, кел, сені.

Авторы: Данияр Жігітбек
Айттарыңыз қабыл болсын🙌🏻🫶🏻
Менің ұзатуда айтқан әнім)
Тик-токта сұраған екенсіздер, мархабат🫶🏻
Audio
Тойда айтқан әнімді телеграмға салуды сұраған екенсіздер. Бірақ, ренжімеңіздер сала алмаймын. Өз ұзатуында көп адамның менің дауысыммен ән айтатынын біле тұра,Ұзатудағы әнді сұрағанда, ойланбастан салдым. Біреудің еңбегін, уақытын, энергиясын бағалаңыздар❣️
Сен ешкім болмасаң да әлем үшін,
Әлемі бөлек жансың әкең үшін.
Сен ешкім болмасаң да ғалам үшін,
Ғаламат ғажап жансың анаң үшін.

Сен ешкім болмасаң да халық үшін,
Алыпсың ұл-қызыңмен жарың үшін.
Сен ешкім болмасаң да қауым үшін,
Керексің қарындас пен бауыр үшін.

Ата-анаң, жарың, бауырларың
Бар болса жалғыздықпен ауырмағын
Керек болмай қалсаң сен ешкімге
Бір Алланың пендесі емессің бе?!