Үзік сыр☔️
649 subscribers
39 photos
9 videos
4 files
2 links
heart to heart (канал авасы админ тұрмысқа шыққанда ауысады, әзірге жаңбырлы☔️)
Download Telegram
адамдар өзгелерді кінәлауға құмар. өзінің дұрыстығын дәлелдеу үшін, басқаны қаралайды. мейірім жоқ, бірақ құрмет күтеді.
мұңға жақынбыз. бақытты бола тұра мұң шағамыз. жүрек жабырқайды, жанымыз жалғызсырайды.

бәлкім, бұл өмірге жалғыз кеп, арғы дүниеге жалғыз өтетінімізден шығар.
ренжісем, үнсіз жоғаламын.
«Құдайсыз қоғамға, имансыз адамға бәрі рұқсат»
«Ол адамды қанша менікі десең де, сенен бұрын оған басқа біреу жетіп қоюы мүмкін. Біреудің жүрегінде болып, бірақ оның өмірінде саған орын табылмауы - ең аянышты жағдай»
«...Білесің бе, кейде мен де бәрін ысырып тастап, алып-ұшып Алматыма, өзіңе жеткім келеді. Сосын, екеуміз ғана білетін тілде "мені сағындың ба?" деп сұрасам деймін. Шынында, адам баласы үшін оны біреудің сағынуы соншалықты маңызды болар ма еді?»

Фридрих ІV
Жан тәтті деген - шын. Дүниелік нәрселердің құны бір тиын екен.
Жалған әлемнен жаның ауырғанда, маған кел. Саған қандай ғажап адам екеніңді айтам.
Тағдырда кездейсоқтық болмайды.
Дүние шіркін арманнан жаралған шығар. Арманына түгел жеткен кім бар дейсің?..
Адамдарды таныс, сыныптас, әріптес деп айтып үйрену керек. Барлығы бірдей «дос» деген атқа лайық бола бермейді.
Ешкіммен сырласа алмайм. Осындай болуымның да астарында бір хайыр бар шығар.
Әр күн өткен сайын архивтің астына кетіп жатыр.

Оған кейін өткен ғұмыр деп ат қоямыз.
Бұл өмірден жәннәт жасай алмаймыз.
Өмір өкінуге тым қысқа.
Бір адам сенің сөйлегеніңді де естімейді. Енді бір адам үнсіздігіңнен-ақ бәрін ұғады.